Номад Сарыарқаны плей-оффтағы алғашқы жеңілісіне ұшыратты

10 naýryz
836

Қарағандыда «Сарыарқа» мен «Номад» арасындағы жартылай финалдық серияның алғашқы жекпе-жегі өтті.

Қарағандылықтар кездесудің бастапқы минуттарын екпіндетіп өткізіп, Егор Анисимов пен Герман Шапоревтің көмегімен «көшпенділерді» екі рет састырды. Алайда қонақтар Дмитрий Гурков пен Максим Мухаметовтің дөп соққыларынан кейін ойынға жылдам оралды.

Келесі шайбаларды көрермен үшінші кезеңде ғана көрді. «Номад» қарсы шабуыл ұйымдастырып, Батырлан Мұратов шайба дарытты. Кейін белгілі болғандай, осы кездесудегі жеңіс шайбасы да сол болды. Ақтық ысқырыққа аз уақыт қалғанда Кирилл Казаков «Сарыарқаның» бос қақпасына гол салып, түбегейлі есепті орнатты. Петерис Скудраның ойыншылары биылғы плей-оффтағы алғашқы жеңілістеріне ұшырады.

«Сарыарқа» - «Номад» 2:4 (2:2, 0:0, 0:2)

1:0 - 03:24 - Анисимов (Алдабергенов, Холькин)

2:0 - 04:03 - Шапорев (Дёмин, Каратаев)

2:1 - 10:20 - Гурков (Данияр, Рахманов)

2:2 - 17:33 - Мухаметов (Муратов, Нургалиев) ГБ

2:3 - 45:49 - Муратов (Мухаметов, Рунов)

2:4 - 59:53 - Казаков (Мухаметов) ПВ

Қақпашылар: Каратаев - Шутов

«Сарыарқа» - «Номад» сериясындағы есеп: 0-1 (2:4)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.