Көкшетауда «Номад» пен «Арлан» арасындағы ширекфиналдық серияның алтыншы кездесуі өтті.
Бастапқы кезең алаң иелерінің басымдығымен өтті, алайда үзіліске жеңімпаз дәрежесінде «көшпенділер» кетті. Тағы да Рунов – Мұратов звеносы табысты болды, тек бұл жолы нәтижелі соққыны «Номадтың» 18-ші нөмірлі ойыншысы жасады. Ұзақ уақыт бойы елордалық ұжым минималды үстемдікті сақтады, алайда кездесудің соңында «Арланға» артық құрам көмектесті. Қақпашыны ауыстырған Виталий Жиляков бөтен аймаққа жүгіріп жетіп, қақпаға шайба салып үлгерді. Аталмыш серияда командалар үшінші рет овертаймға кетті.
Бұл жолы қосымша уақыт ұзаққа созылмады. Көкшетаулықтар Владислав Дюкаревтің соққысы мен шайбаның «Номад» қорғаушысына тиіп ұшқанынан кейін жеңісті жұлып әкетті. Серия Атырауға оралады, онда 7 наурыз күні жетінші және шешуші текетірес өтеді.
«Арлан» - «Номад» 2:1 ОТ1 (0:1, 0:0, 1:0, 1:0)
0:1 - 12:09 - Муратов (Рунов, Данияр)
1:1 - 56:29 - Жиляков (Михайлов, Гренц) ГБ
2:1 - 61:05 - Дюкарев (Гренц)
Қақпашылар: Мейдер – Шутов
«Номад» - «Арлан» сериясындағы есеп: 3-3 (4:3 ОТ1, 2:3 ОТ3, 4:0, 2:3, 2:1, 1:2)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.