Номад пен Арлан кемінде алты матч ойнайды, Ақтөбе маусымды аяқтауға жақын

23 aqpan
1176

Хоккейден Қазақстан чемпионаты ¼ финалының екі сериясы жалғасуда.

«Арлан» «Номадпен» серияда есеп теңестірді. Үшінші кезеңнің ортасына қарай таблода екіліктер жанып тұрды. Алайда әрі қарай алаң иелері жасаған соққылардың бірі үшінші шайбаны Андрей Шутовтың қақпасына дарытты. Оның авторы – Евгений Королинский. Кездесудің соңында «көшпенділердің» бапкерлер штабы қақпашыны алтыншы алаң ойыншысымен ауыстырды, алайда матчты құтқару мүмкін болмады. Командалар Астанаға сериядағы тең есеппен оралады.

«Арлан» - «Номад» (1:2, 1:0, 1:0)

1:0 - 02:33 - Дюкарев (Меньщиков, Карабань)

1:1 - 11:24 - Мухаметов (Муратов, Бутенко) ГБ

1:2 - 14:26 - Королёв (Пелевин, Колобов) ГБ

2:2 - 21:39 - Меньщиков (Михайлов) ГБ

3:2 - 53:54 - Королинский (Жиляков)

Қақпашылар: Мейдер - Шутов

«Номад» - «Арлан» сериясындағы есеп: 2-2 (4:3 ОТ1, 2:3 ОТ3, 4:0, 2:3)

«Бейбарыс» сериядағы төртінші матчта «Ақтөбені» тырп еткізбеді. Есепті алаң иелері ашып, әрі қарай атыраулықтар бақылауды өз қолдарына алып, өздеріне қажет үстемдікті орнатты. Қорытынды кезеңнің ортасына қарай Михаил Шанцевойдың ойыншылары ойынға оралды, алайда аса нәтиже болмады. «Бейбарыс» сериядағы үшінші матчты қатарынан жеңіп, келесі раундқа өтудің алдында тұр.

«Ақтөбе» - «Бейбарыс» 2:4 (0:0, 1:3, 1:1)

1:0 - 21:34 - Воронин (Елизаров)

1:1 - 22:34 - Михайлов (Воробьев, Дыньков)

1:2 - 23:58 - Маркелов (Дыньков, Колесников) ГБ

1:3 - 37:45 - Ершов (Тесленко)

1:4 - 45:56 - Гусейнов

2:4 - 51:26 - Юдин (Акишин) ГБ

Қақпашылар: Ершов - Калмыков

«Бейбарыс» - «Ақтөбе» сериясындағы есеп: 2-1 (4:1, 2:4, 3:2, )


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.