Номад пен Бейбарыс өз серияларында алға шықты

17 aqpan
997

Плей-оффтың бірінші раунды төрт жекпе-жекпен жалғасады.

«Номад» пен «Арланның» бірінші матчында командаларға жеңімпазды анықтауға үш кезең жетпей қалды. Тартысты әрі қызықты күреске толы өткен негізгі уақытта командалар 3:3 есебімен тең түсті. Бірінші овертаймда «көшпенділерге» жеңісті Олег Тетерин сыйлады.

«Номад» - «Арлан» 4:3 ОТ1 (1:0, 1:2, 1:1, 1:0)

1:0 - 07:47 - Пелевин (Омирбеков, Колобов) ГБ

1:1 - 22:13 - Гренц (Хорошев, Зубов)

1:2 - 24:19 - Преснов (Лихотников)

2:2 - 36:57 - Омирбеков (Диханбек, Колобов)

3:2 - 47:46 - Бойко (Логвин, Недилько)

3:3 - 54:57 - Лихотников (Меньщиков, Полохов) ГБ

4:3 - 72:53 - Тетерин (Муратов, Омирбеков)

Қақпашылар: Шутов - Гафиуллин

Сериядағы есеп: 1-0 (4:3 ОТ1)

«Сарыарқа» мен «Құлагердің» екінші кездесуі нәтижелі болды. Бүгін қарағандылықтар дәлірек көздеді. Жеңімпаздар құрамынан Захар Пархоменко мен Герман Шапорев дубль жасады. Петропавлдықтардан екі голды өз есебіне Алексей Закарлюкин жазды. Командалар ел солтүстігіне қазіргі Қазақстан чемпиондарының пайдасына сериядағы 2-0 есеппен ойысты.

«Сарыарқа» - «Құлагер» 4:3 (1:1, 1:0, 2:2)

1:0 - 15:11 - Шапорев (Пархоменко, Лагунов)

1:1 - 19:58 - Закарлюкин (Старцев, Подшендялов) ГБ

2:1 - 30:57 - Пархоменко (Лагунов)

3:1 - 51:05 - Пархоменко (Ваулин, Шапорев) ГБ

3:2 - 52:08 - Попов (Своеволин)

4:2 - 53:55 - Шапорев (Пархоменко, Ваулин) ГБ

4:3 - 58:16 - Закарлюкин (Старцев) ГБ

Қақпашылар: Микушин - Хозяшев

Сериядағы есеп: 2-0 (3:1, 4:3)

«Бейбарыс» пен «Ақтөбе» Атыраудағы ширекфиналдық серияны ашты. Алаң иелері 14-ші минутта қонақтарды үш рет састырып, қарсыластың бапкерлер штабын резервтегі қақпашыны шығаруға мәжбүр етті. Нәтижесінде, бұл серпіліс матчта шешуші болды. Артём Аргоковтың командасы қорғаныста сенімді ойнап, серияда алға шықты. «Бейбарыстың» жаңа ойыншысы Роман Калмыков жақсы ойын көрсетіп, қақпаға бағытталған 42 соққыға тойтарыс берді.

«Бейбарыс» - «Ақтөбе» 4:1 (3:0, 0:1, 1:0)

1:0 - 02:28 - Расулов (Гусейнов, Михайлов)

2:0 - 04:08 - Михайлов

3:0 - 13:46 - Иванов (Бурделёв, Воробьев) ГБ

3:1 - 32:15 - Александров (Митряков)

4:1 - 56:32 - Михнин (Воробьев)

Қақпашылар: Калмыков - Шаров (Ершов, 13:46-60:00)

Сериядағы есеп: 1-0 (4:1)

Бүгін «Хумо» мен «Горняк» матчты қосымша уақытсыз аяқтады. Алаң иелері бастапқы кезеңнің ортасына қарай екі рет артық құрам ұйымдастырып, өздеріне жайлы есеп үстемдігін орнатып, енді Рудныйға жақсы көңіл күймен аттанады. Тимур Шингареев ташкенттіктердің екі нәтижелі шабуылына қатысты.

«Хумо» - «Горняк» 4:2 (4:0, 0:1, 0:1)

1:0 - 00:28 - Шингареев

2:0 - 05:34 - Фищенко ГБ

3:0 - 08:15 - Рехтин (Шингареев, Кириллов) ГБ

4:0 - 09:13 - Журавлев (Тунхузин)

4:1 - 26:03 - Гурьев (Ямалов, Шарипов)

4:2 - 52:38 - Шарипов (Канашев, Ямалов) ГБ

Қақпашылар: Смирягин - Нурек

Сериядағы есеп: 2-0 (2:1 ОТ, 4:2)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.