Сарыарқа мен Хумо плей-оффты жеңістен бастады

16 aqpan
1049

Хоккейден Қазақстан чемпионаты ¼ финалы серияларының алғашқы матчтары өтті.

Басталған плей-оффтың алғашқы шайбасының авторы – Егор Огиенко. «Сарыарқаның» қорғаушысы қарша бораған шабуылдан кейін шайбаның ұшып кетуін пайдаланып, қарсыласқа шайба дарытты. Екінші үзіліске жақындағанда Эрик Алдабергенов Александр Шинның тамаша берген пасымен артық құрам ұйымдастырып, қарағандылықтардың үстемдігін нығайтты.

Евгений Лызин соңғы кезеңнің орта тұсына қарай шайба тастауды жеңіп алып, петропавлдықтарды ойын додасына қайтарды. Алайда Петерис Скудраның ойыншылары есеп алшақтығын тез қалпына келтірді: Антон Злобин қақпаға шайбаны екінші ұмтылыстан салды. Финалдық ысқырыққа дейін табло өзгерген жоқ. Қазіргі ел чемпионы маусымда «Құлагерді» бесінші рет жеңіп, төрт жеңіске дейін ойналатын серияда алға шықты.

«Сарыарқа» - «Құлагер» 3:1 (1:0, 1:0, 1:1)

1:0 - 07:30 - Огиенко (Сайко, Фёдоров)

2:0 - 36:42 - Алдабергенов (Ваулин, Шин) ГБ

2:1 - 51:55 - Лызин (Потапов, Закарлюкин)

3:1 - 53:04 - Злобин (Анисимов, Сиксна)

Қақпашылар: Микушин - Хозяшев

Сериядағы есеп: 1-0 (3:1)

Осы ширекфиналдық текетіресте қонақтар есеп ашты. Оскар Юлбарисов өзінің шеберлігімен Денис Гурьевтің соққы жасауына жол ашты. «Горняктың» 27-ші нөмірлі ойыншысы мүлт кетпеді. «Хумо» екінші үзіліске сәл қалғанда жауап қайырды. Владимир Журавлёв пен Артём Валеев «біреуге қарсы екеу» болып, қарсы шабуыл ұйымдастырды және ташкенттіктердің үздік бомбардирі Владислав Нуректі еш амалсыз қалдырды.

Нәтижесінде ойын овертаймға өтіп, онда ойын нүктесін Валеев қойды. Артық құраммен ойын барысында алаң иелерінің 82-ші нөмірлі ойыншысы оң жақ қапталға ойысып, қарсыластың қақпашысының ұрымтал тұсын тауып, соққы жасады. Роман Смирягиннің де тамаша ойынын атап өткен жөн: ол қақпаға бағытталған 41 соққыға тойтарыс берді. «Хумо» серияда алға шықты.

«Хумо» - «Горняк» 2:1 ОТ1 (0:1, 1:0, 0:0)

0:1 - 09:07 - Гурьев (Юлбарисов)

1:1 - 35:28 - Валеев (Журавлев)

2:1 - 74:41 - Валеев (Кириллов) ГБ

Қақпашылар: Смирягин - Нурек

Сериядағы есеп: 1-0 (2:1 ОТ1)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.