Бейбарыс Ақтөбемен ойнайды, Номад Арланмен кездеседі

8 aqpan
1125

Қазақстан тұрақты чемпионатының тұйықтаушы ойын күнінің қорытындысы бойынша плей-оффтың ¼ финалының алдағы раундының барлық жұптары анықталды.

«Хумо» тұрақты чемпионатты «Арланға» қарсы ойындағы жеңіспен аяқтады. Ташкенттік ұжым ойынды овертаймға айналдырмады, Иван Фищенконың дөп соққысы қонақтарға екі балл әкелді. «Хумоның» қақпашысы Роман Смирягин қақпаға бағытталған 36 соққыға тойтарыс берді. «Арлан» тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша бесінші орынды иеленді.

«Арлан» - «Хумо» 1:2 (0:0, 0:1, 1:1)

0:1 - 23:30 - Сулимов (Шураков, Караваев) ГБ

1:1 - 56:51 - Меньщиков (Полохов) ГБ

1:2 - 58:44 - Фищенко (Караваев)

Қақпашылар: Гафиуллин - Смирягин

«Сарыарқа» «Алматыны» ойсырата жеңді. Тұрақты чемпионаттың жеңімпазы оңтүстікастаналық ұжыммен текетіресте асқан қиындыққа тап болмады. Захар Пархоменко мен Саян Данияр қарсыласты екі реттен састырды. Артём Микушин 19 сейв жасап, өз қақпасына шайба жуытпады.

«Сарыарка» - «Алматы» 7:0 (2:0, 3:0, 2:0)

1:0 - 01:20 - Лагунов

2:0 - 01:34 - Пархоменко (Лагунов, Шапорев)

3:0 - 23:53 - Пархоменко (Шапорев)

4:0 - 31:26 - Двуреченский (Клещенко, Чапоров) ГМ

5:0 - 37:40 - Дёмин (Данияр, Клещенко)

6:0 - 44:04 - Данияр (Анисимов, Борисов) ГБ

7:0 - 59:12 - Данияр (Борисов, Фёдоров) ГБ

Қақпашылар: Микушин - Шалманов (Колесников, 01:34-60:00)

«Құлагер» мен «Бейбарыс» тағы да негізгі уақыттан тыс ойнады. Бір қызығы, қол жеткізілген бір ұпай атыраулықтарға тұрақты чемпионатты үшінші орында аяқтауға жеткілікті болды. Нәтижесінде, жеңісті петропавлдықтар жұлып әкетті, шешуші соққы Владимир Волковқа тиесілі. Қонақтар да өздерінің басты мақсаттарына жетті.

«Құлагер» - «Бейбарыс» 3:2 ОТ (0:0, 1:1, 1:1, 1:0)

1:0 - 26:35 - Кошелев (Гасников)

1:1 - 37:56 - Маркелов (Михнин, Холоденин)

1:2 - 48:32 - Дыньков (Колесников) ГБ

2:2 - 53:22 - Лызин (Васильев, Пылаев)

3:2 - 61:55 - Волков (Кузнецов, Баженов)

Қақпашылар: Хозяшев – Зыкин

Ойын күнінің қорытындысы бойынша тағы екі ширекфиналдық жұптар анықталды. «Бейбарыс» (3) плей-оффтың бірінші раундында «Ақтөбемен» (6) таяқ таластырады. Жартылай финалға төртінші жолдама үшін «Номад» (4) пен «Арлан» (5) тартысатын болады.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.