Горняк Торпедодан басым түсті

5 aqpan
678

Жексенбі күні хоккейден Қазақстан чемпионатында бір жекпе-жек өтті.

«Горняк» өз алаңында «Торпедоны» сенімді түрде жеңді. Рудныйлықтар әрбір кезеңде бір шайбадан салып, өз қақпасына шайба жуытпады. Арслан Ямалов (1+1) өз командасының екі нәтижелі шабуылына қатысты. 33 соққа тойтарыс берген Владислав Нуроек «құрғақ» матч өткізді.

«Горняк» - «Торпедо» 3:0 (1:0, 1:0, 1:0)

1:0 - 18:20 - Степанов (Хоменко, Куршук) ГМ

2:0 - 30:44 - Ямалов (Щёкин, Хоменко)

3:0 - 55:24 - Платонов (Ямалов, Щёкин)

Қақпашылар: Нурек - Янков (Пыленок, 56:47-60:00)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.