Жұма күні Қазақстан чемпионатында төрт матч өтті.
Ойын күнінің негізгі матчы Астанада өтті. «Хумо» есепті матчтың басында Антон Рехтиннің арқасында ашты. Әрі қарай қонақтар ойын барысын өз бақылауында ұстап, қорғаныста мығым ойнады. Алайда соңғы кезеңнің ортасына қарай «Номад» екі рет артық құрам ұйымдастырып, жеңісті жұлып әкетті. Салынған шайбалардың авторлары – Герман Грачёв және Артём Королёв. Ташкенттіктер жеті матчқа созылған жеңіс шеруін үзді.
«Номад» - «Хумо» 2:1 (0:1, 0:0, 2:0)
0:1 - 04:16 - Рехтин (Чеботарев, Зимин)
1:1 - 52:31 - Грачев (Бутенко, Муратов) ГБ
2:1 - 54:43 - Королёв (Пелевин, Колобов) ГБ
Қақпашылар: Шутов - Смирягин
«Бейбарыс» «Снежные Барсы» командасын сенімді түрде жеңді. Осының арқасында атыраулықтар тұрақты чемпионат қорытындысы бойынша үздіктер үштігіндегі орын үшін жорықты жалғастыруға мүмкіндік алды. Қарсыласты екі рет Александр Воробьев састырды.
«Снежные Барсы» - «Бейбарыс» 1:4 (0:3, 1:0, 0:1)
0:1 - 12:22 - Воробьев (Ананичев, Иванов)
0:2 - 12:48 - Колесников (Михнин, Маркелов)
0:3 - 17:29 - Тесленко (Дыньков, Кутугин)
1:3 - 22:24 - Амырканов (Диде, Роев)
1:4 - 46:30 - Воробьев (Иванов) ГМ
Қақпашылар: Пестов - Фанайлов
«Сарыарқа» «Ертісті» ойсырата жеңді. Матч бойы алаң иелері барлығы 12 соққы жасады, ал бірінші кезеңде павлодарлықтар Артём Микушиннің мазасын бір де бір рет алмады. Кездесу соңында «Ертіс» дегенмен шайба салды, алайда есептің Евгений Штайгердің көңілінен шығуы екіталай. Жеңімпаздар құрамынан дубль Артём Расуловтың есебінде.
«Ертіс» - «Сарыарқа» 1:9 (0:3, 0:3, 1:3)
0:1 - 04:44 - Расулов (Двуреченский, Чапоров)
0:2 - 05:59 - Фёдоров (Сиксна, Борисов)
0:3 - 13:13 - Расулов (Киселёв, Чапоров)
0:4 - 23:25 - Данияр (Сиксна, Злобин)
0:5 - 28:31 - Огиенко (Двуреченский, Чапоров)
0:6 - 38:22 - Двуреченский ШБ
0:7 - 44:04 - Чапоров (Исмагилов, Анохин)
0:8 - 52:16 - Ваулин (Данияр, Злобин)
0:9 - 54:37 - Сиксна (Дёмин, Шапорев)
1:9 - 57:39 - Семенов (Билимбаев, Галеев) ГБ
Қақпашылар: Штукерт - Микушин
«Арлан» «Алматыны» тырп еткізбеді. Кездесу көкшетаулықтардың толықтай бақылауында өтіп, қарсыласты аластатулар үшін екі рет жазалады. Жеңіс шайбасының авторы – Даниил Жарков. Көкшеліктердің жаңа ойыншысы Ильяс Гафиуллин өз командасына сегіз сейвпен көмектесті.
«Арлан» - «Алматы» 5:2 (2:0, 1:1, 2:1)
1:0 - 00:46 - Дюкарев (Хорошев, Атаханов)
2:0 - 10:38 - Клочков (Карабань, Михайлов) ГБ
2:1 - 30:08 - Сайко (Рыжих, Андрусенко)
3:1 - 36:13 - Жарков (Преснов)
4:1 - 49:25 - Меньщиков (Дюкарев, Михайлов) ГБ
5:1 - 58:06 - Королинский (Костромитин, Жарков)
5:2 - 58:28 - Твердохлебов (Машинец, Киселев)
Қақпашылар: Гафиуллин - Шалманов
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.