Өскемендегі буллиттер, Хумоның қатарынан үшінші құрғақ жеңісі

30 qańtar
1033

Хоккейден Қазақстан чемпионатында апта басы қызу басталды.

«Сарыарқа» Өскеменде сүріне жаздады. Қарағандылықтар үшінші кезеңнің аяқталуына тоғыз секунд қалғанда есеп теңестірді. Нәтижесінде жеңімпаз буллиттер сериясында анықталды, мұнда қонақтар дәлірек көздеді. Шешуші соққы Саян Даниярдың есебінде.

«Торпедо» - «Сарыарқа» 3:4 Б (1:2, 1:0, 1:1, 0:0, 0:1)

0:1 - 08:46 - Беляев (Анисимов, Холькин)

1:1 - 15:14 - Алдабергенов

1:2 - 15:45 - Лагунов (Шапорев, Пархоменко)

2:2 - 27:11 - Панченко (Муратов, Петросян)

3:2 - 44:49 - Олендаренко (Петросян, Шин) ГБ

3:3 - 59:51 - Пархоменко (Сиксна, Лагунов)

3:4 - 65:00 – Данияр ПБ

Қақпашылар: Янков - Каратаев

«Хумо» қатарынан үшінші рет қақпасына шайба жуытпай келеді. Бүгін ташкенттіктер өз қақпасын «Снежные Барсы» командасына қарсы тартыста қорғады. Қарсыласты екі рет Павел Синявский састырды, қонақтардың қақпашысы Дамир Шаймарданов қақпаға бағытталған 18 соққыға тойтарыс берді. Осы жеңісінің арқасында өзбекстандық ұжым Лиганың турнир кестесіндегі екінші орынға жайғасты.

«Снежные Барсы» - «Хумо» 0:5 (0:1, 0:2, 0:2)

0:1 - 10:07 - Синявский (Шураков, Фищенко)

0:2 - 21:11 - Трунев (Архипов, Игнатушкин)

0:3 - 27:50 - Игнатушкин (Курашов, Чеботарев)

0:4 - 42:02 - Сулимов (Шингареев) ГБ

0:5 - 55:09 - Синявский (Шураков, Тунхузин)

Қақпашылар: Пестов - Шаймарданов

«Құлагер» мен «Номадтың» жекпе-жегі алаң иелерінің минималды үстемдігімен аяқталды. Жеңіс соққысының авторы – Ярослав Хрипков. Алаң иелерінің қақпашысы Дмитрий Хозяшев 34 соққыға тойтарыс берді. Осы жеңілісінен кейін «көшпенділердің» үздіктер үштігіндегі жағдайы сәл-пәл нашарлады.

«Құлагер» - «Номад» 2:1 (1:0, 1:1, 0:0)

1:0 - 03:44 - Старцев (Закарлюкин, Подшендялов)

1:1 - 24:16 - Муратов (Мухаметов, Диханбек) ГБ

2:1 - 31:19 - Хрипков (Васильев, Потапов)

Қақпашылар: Хозяшев - Шутов

«Ақтөбе» мен «Ертістің» ел батысындағы алғашқы матчында павлодарлықтар ойсырай жеңілді. Бірінші кезеңде-ақ қонақтардың қақпасына төрт шайба аттанды. Әрі қарай есеп айырмашылығы ұлғая берді. Өз қоржынына Денис Григоркевич, Максим Зюзякин мен Булат Хамматов екі дөп соққыдан салды.

«Ақтөбе» - «Ертіс» 9:1 (4:1, 4:0, 1:0)

0:1 - 04:12 - Галеев (Шлычков) ГБ

1:1 - 06:51 - Григоркевич ГБ

2:1 - 07:07 - Зюзякин (Потайчук, Кучин) ГБ

3:1 - 16:57 - Хамматов (Кузык, Пономарёв)

4:1 - 19:50 - Хамматов (Пономарёв, Егоров)

5:1 - 21:42 - Зюзякин (Потайчук, Кучин) ГБ

6:1 - 28:18 - Евграфов (Мищенко, Егоров) ГБ

7:1 - 33:22 - Мищенко (Воронин, Григоркевич)

8:1 - 38:19 - Григоркевич (Кучин, Митряков) ГБ

9:1 - 50:44 - Акишин (Мищенко, Евграфов) ГБ

Қақпашылар: Ершов (Шаров, 40:00-60:00) - Зыкин (Штукерт, 20:00-60:00)

«Бейбарыс» пен «Горняк» негізгі уақыт ішінде жеңімпазды анықтап үлгермеді. Итжығыс ойынның нәтижесінде командалар тең түсті. Овертайм да ұзаққа созылған жоқ. Атыраулықтар Артём Бурделёв салған голдың арқасында екі балл иеленді.

«Бейбарыс» - «Горняк» 5:4 ОТ (1:0, 2:1, 1:3, 1:0)

1:0 - 01:30 - Маркелов (Волгин, Гусейнов)

1:1 - 29:44 - Платонов (Нурек, Юлбарисов) ГМ

2:1 - 29:57 - Волгин (Маркелов, Михнин) ГБ

3:1 - 33:46 - Колесников (Кутугин)

3:2 - 43:32 - Коваленко (Садиков) ГБ

3:3 - 44:31 - Куршук (Юлбарисов, Нурек) ГБ

3:4 - 54:14 - Гурьев (Лазарев, Галимов)

4:4 - 56:56 - Кутугин (Колесников, Волгин) ГБ

5:4 - 60:22 - Бурделёв (Воробьев, Холоденин)

Қақпашылар: Базарбеков - Акулинин

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.