Ақтөбедегі овертайм, Бейбарыс Горняктың арынын басты

30 qańtar
958

Хоккейден Қазақстан чемпионатының ойын аптасы ел батысында екі кездесумен аяқталды.

«Ақтөбе» мен «Ертіс» бірінші текетіресте нағыз тартыс ұйымдастырды. Үшінші кезеңнің соңында командалардың кез келгені жеңісті жұлып әкетуге дайын болды. Дегенмен жеңімпаз овертаймда анықталды. Жеңіс соққысының авторы – Денис Григоркевич. Иван Кучин өз командасының үш нәтижелі шабуылына қатысты. Қонақтардың қақпашысы Валерий Штукерт 41 соққыға тойтарыс берді.

«Ақтөбе» - «Ертіс» 5:4 ОТ (0:0, 2:3, 2:1, 1:0)

1:0 - 22:08 - Афлитонов (Абянов, Воронин)

1:1 - 22:28 - Галеев

2:1 - 28:14 - Хамматов (Елизаров, Акишин)

2:2 - 33:47 - Галеев (Юдин, Евлоев) ГБ

2:3 - 37:27 - Солтан (Абдрашитов, Юдин) ГБ

3:3 - 46:24 - Кучин (Егоров) ГБ

3:4 - 56:10 - Шлычков (Абдрашитов, Болдин)

4:4 - 58:44 - Митряков (Кучин, Григоркевич) ГБ

5:4 - 62:42 - Григоркевич (Потайчук, Кучин)

Қақпашылар: Тихонов - Штукерт

«Бейбарыс» «Горняктан» жеңісті жұлып әкетті. Атыраулықтар қорытынды кезеңнің басында шешуші голды салып, тиімді есепті финалдық ысқырыққа дейін сақтап қала білді. Никита Колесников кем құраммен гол салды.

«Бейбарыс» - «Горняк» 4:3 (2:3, 1:0, 1:0)

0:1 - 01:11 - Харькин (Платонов, Нурек)

1:1 - 02:16 - Тесленко (Холоденин, Ершов)

1:2 - 03:20 - Ямалов (Гурьев)

1:3 - 07:51 - Галимов (Кунишников, Коваленко) ГМ

2:3 - 10:59 - Ананичев (Волгин, Кутугин) ГБ

3:3 - 26:58 - Волгин (Ананичев, Хальзев)

4:3 - 41:41 - Колесников (Бурделёв, Кутугин) ГМ

Қақпашылар: Базарбеков - Нурек

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.