«Номад» пен «Арланның» Астанадағы екінші текетіресі алаң иелерінің пайдасына шешілді.
«Көшпенділер» ұзақ уақыт бойы ойынды өз бақылауында ұстап келіп, қорғаныста да мығым ойнады. Алайда үшінші кезеңнің соңында «Арлан» ойынға оралды. Дегенмен «Номад» үш рет артық құрам ұйымдастырып, жеңісті өз уысынан шығармады. Жеңіс шайбасының авторы – Parimatch-ProHokeiLugasy-ның үздік бомбардирі Кирилл Казаков.
«Номад» - «Арлан» 5:3 (1:0, 1:0, 3:3)
1:0 - 10:53 - Колобов (Грачев, Пелевин) ГБ
2:0 - 27:21 - Бойко (Александров, Тетерин)
3:0 - 46:52 - Мухаметов (Муратов, Диханбек) ГБ
3:1 - 47:52 - Клочков
4:1 - 49:55 - Казаков (Омирбеков, Королёв)
4:2 - 55:29 - Лихотников (Меньщиков) ГБ
5:2 - 58:14 - Логвин (Недилько, Бойко) ГБ
5:3 - 59:37 - Полохов (Меньщиков)
Қақпашылар:Шутов - Мейдер (Нечвиенко, 49:55-60:00)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.