Арлан Номадтан басым түсті, Бейбарыс Ертіспен матчта ерлік көрсетті

26 qańtar
1278

Хоккейден Қазақстан чемпионатында үш матч өтті.

«Номад» Астанадағы бірінші матчта «Арланның» қақпасын ала алмады. Көкшетаулықтар Данила Карабань мен Владислав Дюкаревтің дөп соққыларының, сондай-ақ Тимур Мейдердің 18 сейвінің арқасында жеңіске жетті.

«Номад» - «Арлан» 0:2 (0:1, 0:0, 0:1)

0:1 - 04:29 - Карабань (Атаханов, Хорошев)

0:2 - 44:04 - Дюкарев (Зубов, Преснов)

Қақпашылар: Павленко – Мейдер

«Бейбарыс» «Ертіспен» матчта жігерлі ойын көрсетті. Екінші кезеңнің басына қарай атыраулықтар екі шайба артта қалып келе жатты, алайда әрі қарай алаң иелері жеңілістен құтылып қана қоймай, буллиттер сериясында екі балл жұлып алды. Шешуші соққы тәжірибелі Владимир Маркеловтің есебінде.

«Бейбарыс» - «Ертіс» 4:3 Б (1:1, 0:2, 2:0, 0:0, 1:0)

1:0 - 03:59 - Колесников (Михнин, Кутугин)

1:1 - 17:24 - Абдрашитов (Болдин) ГБ

1:2 - 32:18 - Воронин

1:3 - 39:16 - Юдин (Болдин, Абдрашитов)

2:3 - 45:28 - Захарчук (Бурделёв, Иванов)

3:3 - 56:27 - Михнин (Маркелов, Колесников)

4:3 - 65:00 - Маркелов

Қақпашылар: Фанайлов (Базарбеков, 65:00-65:00) - Зыкин

«Ақтөбе» мен «Горняк» бірігіп, он шайба салды. Бұл ойында рудныйлық хоккейшілер дәлірек көздеді. Екі дөп соққы Ян Хоменконың есебінде, үш нәтижелі пасты Александр Нурек берді.

«Ақтөбе» - «Горняк» 4:6 (2:1, 0:4, 2:1)

1:0 - 04:42 - Мищенко

1:1 - 04:51 - Ямалов (Платонов, Гурьев)

2:1 - 12:12 - Евграфов (Зюзякин, Егоров)

2:2 - 21:44 - Хоменко (Юлбарисов, Нурек)

2:3 - 24:30 - Гурьев (Харькин, Платонов) ГМ

2:4 - 30:25 - Хоменко (Нурек, Степанов)

2:5 - 39:46 - Платонов (Лазарев, Ямалов) ГБ

3:5 - 50:19 - Потайчук (Григоркевич, Кучин) ГБ

4:5 - 52:37 - Сошников (Потайчук, Григоркевич) ГБ

4:6 - 57:09 - Куршук (Нурек, Степанов) ГБ

Қақпашылар: Шаров (Ершов, 30:25-60:00) - Акулинин

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.