Сарыарқа мен Хумо тағы да жеңіске жетті

24 qańtar
895

Хоккейден қазақстан чемпионаты екі матчпен жалғасты.

«Сарыарқа» «Снежные Барсы» командасын тағы да тырп еткізбеді. Қарағандылықтар кезекті жеңіске жетіп, өз қақпаларына тағы да шайба жуытпады. Қонақтардың үш нәтижелі шабуылына Денис Фёдоров пен Артём Расулов қатысты.

«Снежные Барсы» - «Сарыарқа» 0:7 (0:1, 0:4, 0:2)

0:1 - 04:14 - Фёдоров (Исмагилов, Расулов)

0:2 - 20:45 - Анисимов (Расулов)

0:3 - 29:03 - Шапорев (Пархоменко)

0:4 - 32:41 - Злобин (Борисов)

0:5 - 37:01 - Расулов (Фёдоров, Сиксна)

0:6 - 48:12 - Клещенко (Фёдоров)

0:7 - 55:11 - Пархоменко (Борисов, Исмагилов) ГБ

Қақпашылар: Дубинскас - Ибрагимов

«Алматы» Ташкентте «Хумоның» қақпасын ала алмады. Алаң иелері әрбір кезеңде екі голдан салып, қақпашысы Дамир Шаймардановқа кезекті «құрғақ» жеңісіне жетуге көмектесті. Ол қақпаға бағытталған 23 соққыға тойтарыс берді. Денис Шураков дубль жасады.

«Хумо» - «Алматы» 6:0 (2:0, 2:0, 2:0)

1:0 - 06:47 - Тунхузин (Шингареев) ГБ

2:0 - 17:52 - Шураков (Шингареев) ГБ

3:0 - 27:23 - Журавлев (Тунхузин, Валеев)

4:0 - 33:05 - Шураков (Дрягилев, Фищенко)

5:0 - 42:38 - Валеев (Журавлев, Расулов)

6:0 - 51:44 - Кириллов (Сулимов, Фищенко)

Қақпашылар: Шаймарданов - Колесников

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.