Сарыарқа мен Хумоның құрғақ жеңістері

23 qańtar
1322

Қазақстан чемпионаты екі кездесумен жалғасады.

«Снежные Барсы» өз алаңындағы алғашқы матчта «Сарыарқаның» қақпасын ала алмады. Қазіргі чемпион бүгін лиганың ең жас ұжымынан дәлірек көздеді. Антон Злобин гол салып, пас берді. «Құрғақ» жеңісті өз есебіне қонақтардың қақпашысы Жакен Ибрагимов жазды.

«Снежные Барсы» - «Сарыарқа» 0:5 (0:2, 0:2, 0:1)

0:1 - 02:37 - Шапорев (Клещенко)

0:2 - 08:51 - Холькин (Лагунов, Пархоменко)

0:3 - 21:06 - Злобин (Анисимов, Беляев)

0:4 - 39:54 - Исмагилов (Анисимов, Злобин)

0:5 - 43:00 - Борисов (Двуреченский, Беляев)

Қақпашылар: Дубинскас - Ибрагимов

Тағы бір «құрғақ» жеңіс Ташкентте болды. «Хумо» бүгін оңтүстікастаналық команданы тырп еткізбеді. Алаң иелері ұзақ уақыт бойы минималды есеппен алда келе жатты және ойын соңында Евгений Попихин қарсыласты тығырыққа тіреді. Нәтижелілік үшін Артём Валеев пен Игорь Игнатушкин екі балдан алды. Дамир Шаймарданов қақпаға бағытталған 17 соққының барлығына тойтарыс берді. Осы жеңісінен кейін «Хумо» турнир кестесінде екінші орынға шықты.

«Хумо» - «Алматы» 3:0 (1:0, 0:0, 2:0)

1:0 - 02:37 - Валеев (Игнатушкин, Караваев)

2:0 - 41:05 - Игнатушкин (Кириллов, Валеев) ГБ

3:0 - 51:42 - Курашов (Журавлев)

Қақпашылар: Шаймарданов - Колесников

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.