Хоккейден Қазақстан чемпионаты аясында екі жекпе-жек өтті.
«Арлан» «Торпедоны» өз алаңында екінші матчта да тырп еткізбеді. Кездесу көкшетаулықтардың ірі құрғақ жеңісімен аяқтады. Нәтижелілігі үшін Диас Атаханов (2+2) пен Александр Меньщиков (1+3) 4 балдан алды. Тимур Мейдер 19 сейв жасады.
«Арлан» - «Торпедо» 6:0 (1:0, 3:0, 2:0)
1:0 - 05:28 - Дюкарев (Хорошев, Лихотников)
2:0 - 26:27 - Асуханов (Колесников, Москалёв)
3:0 - 32:32 - Меньщиков (Атаханов, Клочков)
4:0 - 34:54 - Атаханов (Меньщиков, Колесников)
5:0 - 55:26 - Клочков (Атаханов, Меньщиков)
6:0 - 58:16 - Атаханов (Клочков, Меньщиков)
Қақпашылар: Мейдер - Янков (Классен, 57:07-60:00)
«Құлагер» мен «Снежные Барсы» жеңімпазды овертаймда ғана анықтады. Чемпионаттың ең жас ұжымының бір балл алатын мүмкіндігі болды, алайда жеңіс петропавлдықтарға бұйырды. Дубльдің авторы – Кирилл Старцев. Алаң иелерінің қақпашысы Всеволод Риттингер 37 соққыға тойтарыс берді.
«Құлагер» - «Снежные Барсы» 2:1 ОТ (0:1, 1:0, 0:0, 1:0)
0:1 - 12:58 - Макеев ГБ
1:1 - 35:30 - Старцев (Закарлюкин, Наместников)
2:1 - 61:20 - Старцев (Закарлюкин, Подшендялов) ГБ
Қақпашылар: Риттингер - Павленко
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.