Хумо Бейбарысқа жол берді, алайда плей-оффқа жолдама алды

12 qańtar
1255

Қазақстан чемпионатының кезекті ойын күнінің қорытындысы бойынша алдағы плей-оффтың үшінші қатысушысы анықталды.

«Горняк» «Құлагермен» өз алаңындағы екінші матчта да жеңімпаз атанды. Шешуші шайбаның авторы – Оскар Юлбарисов. Нәтижелілік үшін Евгений Степанов екі балл иеленді. Рудныйлықтардың қақпашысы Владислав Нурек 33 сейв жасады.

«Горняк» - «Құлагер» 4:2 (2:0, 1:1, 1:1)

1:0 - 11:54 - Гурьев (Ямалов)

2:0 - 13:59 - Кунишников (Садиков, Галимов)

2:1 - 20:54 - Ахметов (Кузнецов, Лызин)

3:1 - 39:58 - Юлбарисов (Куршук, Степанов) ГБ

3:2 - 50:17 - Закарлюкин (Кузнецов)

4:2 - 53:23 - Степанов (Шарипов)

Қақпашылар: Нурек - Хозяшев

«Алматы» мен «Ақтөбе» жеңімпазды тек овертаймда анықтады. Қонақтар негізгі уақыттың соңғы минуттарында екі шайба артта қалып келе жатқан жерлерінен есе қайтарды. Алайда қосымша бес минутта алаң иелері өз дегендеріне жетті. Қорытынды шайба Макар Ваулиннің есебінде. Өз командасының төрт нәтижелі шабуылына Владислав Сайко атсалысты. Алишер Шалманов қақпаға бағытталған 36 соққыға тойтарыс берді.

«Алматы» - «Ақтөбе» 5:4 ОТ (1:2, 3:0, 0:2, 1:0)

0:1 - 04:08 - Абянов (Ковзалов)

1:1 - 11:19 - Петрасюк (Сайко)

1:2 - 14:47 - Потайчук (Кучин) ГБ

2:2 - 23:22 - Анисимов (Андрусенко, Рыжих)

3:2 - 32:43 - Сайко (Твердохлебов)

4:2 - 38:53 - Киселев (Машинец, Сайко)

4:3 - 54:09 - Зюзякин (Григоркевич, Сошников)

4:4 - 56:10 - Григоркевич (Зюзякин, Евграфов)

5:4 - 60:17 - Ваулин (Штефан, Сайко)

Қақпашылар: Шалманов - Тихонов (Ершов, 40:00-60:00)

Ойын күнінің басты матчында «Хумо» мен «Бейбарыс» буллиттер сериясына жетті. Негізгі уақытта қос команда тең түсті. Соққылар сериясында атыраулық ойыншылар дәлірек көздеп, Александр Воробьев жеңіс буллиттінің авторы атанды.

Өзі жиған балының арқасында «Хумо» биылғы маусымның плей-оффына жолдама алды. Ташкенттік ұжым (33 матчтан кейін 48 ұпай) турнир кестесінің төменгі бөлігіндегі қарсыластарын шаң қаптырып, чемпионаттың шешуші бөлігінің қатысушылары тізімінде «Номад» пен «Сарыарқаға» қосылды.

«Хумо» - «Бейбарыс» 1:2 Б (1:0, 0:1, 0:0, 0:0, 0:1)

1:0 - 05:40 - Сауков (Валеев)

1:1 - 27:16 - Ананичев (Кутугин)

1:2 - 65:00 - Воробьев

Қақпашылар: Смирягин - Доненко

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.