Горняк Құлагерден басым түсті

11 qańtar
946

Хоккейден Қазақстан чемпионатының жалғыз жекпе-жегінде «Горняк» өз алаңында «Құлагерді» еш қиындықсыз жеңді.

Қонақтар есепті бірінші үзілістің аяқталуына сәл қалғанда ашты. Алайда әрі қарай қара киімді хоккейшілер ғана гол салды. Евгений Степанов дубль жасады, рудныйлықтардың қақпашысы Владислав Нурек қақпаға бағытталған 42 соққыға тойтарыс берді. Қос ұжым да плей-офф аймағында қалды.

«Горняк» - «Құлагер» 4:1 (0:1, 2:0, 2:0)

0:1 - 19:08 - Лызин (Волков, Кошелев)

1:1 - 22:06 - Степанов (Юлбарисов)

2:1 - 23:32 - Ширяев

3:1 - 51:53 - Кунишников (Ямалов, Ширяев)

4:1 - 59:13 - Степанов (Хоменко, Куршук)

Қақпашылар: Нурек - Хозяшев

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.