Ақтөбе Көкшетауда ұпай жинай алмады, Ертіс плей-офф үшін күресті жалғастырады

9 qańtar
527

Хоккейден Қазақстан чемпионатында екі кездесу өтті.

«Арлан» «Ақтөбені» өз алаңында тағы да жеңді. Көкшетаулықтар үшін бірінші кезең сәтті болып, қарсыласқа үш шайбасын өткізді. Жеңімпаздар құрамынан Алексей Клочков дубль жасады. Алаң иелері қатарынан үш матчта жеңіске жетіп, үздіктер үштігінен оны екі балл ғана бөліп тұр.

«Арлан» - «Ақтөбе» 5:2 (3:0, 1:0, 1:2)

1:0 - 13:40 - Меньщиков (Карабань, Дюкарев)

2:0 - 17:41 - Клочков (Чеботов, Атаханов)

3:0 - 19:54 - Колесников (Степаненко, Клочков) ГБ

4:0 - 21:50 - Зубов (Жиляков, Королинский)

4:1 - 46:04 - Абянов (Дерзаев)

4:2 - 52:41 - Митряков (Александров, Кучин)

5:2 - 59:46 - Клочков (Лихотников) ПВ

Қақпашылар: Мейдер - Шаров

«Ертіс» нәтижелі матчта айтарлықтай ықшам құраммен ойнаған «Снежные Барсы» командасын жеңді. Павлодарлықтар өзінің төрт матчқа созылған жеңілістер сериясын үзіп, плей-офф жорығын жалғастыруда. Игорь Ищенко мен Сергей Юдин екі голдан салды, Нияз Абдрашитов төрт (1+3) балл жинады.

«Снежные Барсы» - «Ертіс» 3:7 (0:1, 2:3, 1:3)

0:1 - 08:17 - Юдин (Абдрашитов, Валеев)

1:1 - 20:36 - Цыбин (Авдеенко, Сапарбек)

1:2 - 24:04 - Абдрашитов (Юдин)

1:3 - 25:18 - Галеев (Семенов)

1:4 - 35:53 - Шкленник (Карпов, Шлычков) ГБ

2:4 - 39:46 - Ситников (Авдеенко, Ляпунов)

3:4 - 47:54 - Ляпунов (Ситников)

3:5 - 52:30 - Ищенко (Галеев, Шлычков) ГБ

3:6 - 53:42 - Юдин (Абдрашитов, Ищенко)

3:7 - 56:40 - Ищенко (Юдин, Абдрашитов)

Қақпашылар: Шефер (Пестов, 25:18-60:00) - Зыкин

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.