Сарыарқа Петропавлдан төрт балмен қайтты, Арлан Ақтөбеге жеті шайба дарытты

8 qańtar
1181

Қазақстан чемпионаты үш кездесумен жалғасты.

«Торпедо» нәтижелі жекпе-жекте үш рет артық құрам ұйымдастырып, «Алматыдан» қарымта қайтарды. Кездесудің соңында қонақтар қарсыласты біршама терлетті, алайда өскемендіктер өз дегендерінде тұрып, биылғы чемпионаттағы сегізінші жеңісіне қол жеткізді. Шешуші соққыны Денис Буденчук жасады. Антон Осокин 30 сейв жасады.

«Торпедо» - «Алматы» 4:3 (1:0, 2:1, 1:2)

1:0 - 05:13 - Шин (Громов, Петров) ГБ

2:0 - 25:39 - Петров (Громов, Тютюньков) ГБ

2:1 - 28:48 - Анисимов (Борисенко, Твердохлебов) ГМ

3:1 - 38:58 - Петросян (Шин, Олендаренко)

4:1 - 47:17 - Буденчук (Петросян, Олендаренко) ГБ

4:2 - 50:21 - Анисимов (Сайко)

4:3 - 54:34 - Машинец (Филиппенко, Твердохлебов) ГБ

Қақпашылар: Осокин - Шалманов

«Құлагер» биылғы маусымда «Сарыарқаны» жеңе алмай-ақ қойды. Командалардың кезекті кездесуі бір шайба айырмашылығымен аяқталды. Тағы да қарағандылықтар басым түсті. Жеңіс шайбасының авторы – финалдық ысқырыққа 70 секунд қалғанда шайба дарытқан Константин Двуреченский.

«Құлагер» - «Сарыарқа» 3:4 (1:3, 1:0, 1:1)

0:1 - 02:14 - Пархоменко (Двуреченский, Борисов)

1:1 - 07:38 - Потапов (Волков, Рыжий)

1:2 - 15:56 - Дёмин (Сиксна, Холькин) ГБ

1:3 - 17:34 - Холькин (Сиксна, Исмагилов) ГБ

2:3 - 31:00 - Волков (Потапов, Штайгер)

3:3 - 46:04 - Наместников (Подшендялов, Кузнецов)

3:4 - 58:50 - Двуреченский (Пархоменко)

Қақпашылар: Кадочников - Микушин

«Арлан» «Ақтөбемен» бірінші матчта сенімді түрде жеңіске жетті. Екі кезең бойы қонақтар тартысып келді. Алайда соңғы кезеңде «Арлан» бірден төрт гол салды. Қарсыласты екі рет Евгений Королинский қынжылтты.

«Арлан» - «Ақтөбе» 7:2 (2:1, 1:1, 4:0)

0:1 - 12:44 - Елизаров (Акишин, Овечкин)

1:1 - 18:19 - Лихотников (Михайлов)

2:1 - 19:03 - Зубов (Жиляков, Королинский)

2:2 - 24:59 - Акишин (Овечкин, Елизаров)

3:2 - 27:52 - Степаненко (Зубов, Жиляков)

4:2 - 42:14 - Королинский (Жиляков)

5:2 - 47:14 - Дюкарев (Лихотников, Меньщиков) ГБ

6:2 - 48:16 - Королинский (Колесников, Зубов)

7:2 - 50:59 - Колесников (Жарков, Зубов)

Қақпашылар: Мейдер - Шаров (Ершов, 47:14-50:59)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.