Тихонов, Борисевич пен Ларионов бірінші орындарды иеленді. Жанкүйерлердің дауыс беру қорытындысы

26 jeltoqsan
1023

Жанкүйерлер желтоқсаның үшінші аптасының үздік голының авторын, ең тиімді күштік әдіс пен үздік сейв жасаған қақпашысын анықтаған онлайн дауыс беру аяқталды.

Аптаның үздік голын Александр Борисевич салды.

Жанкүйерлердің пікірінше, үздік күштік әдісті «арландық» Данила Ларионов жасады.

Аптаның үздік сейвін өз есебіне «Ақтөбе» қақпашысы Владислав Тихонов жазды.

Барлық видеоларды Youtube-тегі Insport арнасынан табуға болады.

Үздік сәттер үшін кезекті дауыс беру бүгін, 26 желтоқсанда ашылады! Жаңалықтарымызды оқи жүріңіздер!

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.