2022/23 маусымдағы Parimatch-Pro Hokei Ligasy плей-оффының екінші қатысушысы «Номад» болды.
Елордалық ұжымның Қарағандыға сапары сәтті болып, «көшпенділер» «Сарыарқаны» екі рет жеңді. Жиған төрт балының арқасында Ғалым Мамбеталиевтің ойыншылары чемпионаттың шешуші кезеңіне жолдамалардың бірін алды. Бүгінгі таңда екінші орынды иеленіп тұрған «Номадтың» қоржынында 24 жеңіс пен 51 балл бар. Осылайша, команда турнир кестесінің төменгі бөлігіндегі қарсыласты шаң қаптырып кетті.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.