Хоккейден Қазақстан чемпионатының кезекті аптасы үш кездесумен аяқталады

25 jeltoqsan
968

Хоккейден Қазақстан чемпионатының кезекті аптасы үш кездесумен аяқталады.

«Арлан» Рудныйда қарымта қайтарды. Көкшетаулықтар «Горняктың» қақпасына 30 соққы жасап, олардың үшеуі нәтиже берді. Жеңіс шайбасының авторы – екінші үзіліске бір секунд қалғанда көзге түскен тәжірибелі Виталий Жиляков. Осы жеңісінің арқасында қонақтар Лиганың турнир кестесіндегі төртінші орынға оралды.

«Горняк» - «Арлан» 1:3 (1:0, 0:2, 0:1)

1:0 - 01:16 - Селютин (Степанов)

1:1 - 25:40 - Колесников (Преснов, Хорошев)

1:2 - 39:39 - Жиляков (Меньщиков)

1:3 - 44:09 - Зубов (Королинский, Жарков)

Қақпашылар: Акулинин - Мейдер

«Номад» Қарағандыдан төрт балмен қайтты. Бүгінгі кездесу қосымша бес минутта аяқталды. «Көшпенділерге» жеңісті Дениса Недильконың дөп соққысы әкелді. Екі нәтижелі шабуылға Эмиль Нургалиев қатысты. Елордалық ұжымның қақпашысы Максим Павленко 38 сейвті өз есебіне жазды.

«Сарыарқа» - «Номад» 2:3 ОТ (2:0, 0:1, 0:1, 0:1)

1:0 - 01:15 - Клещенко (Исмагилов, Лагунов)

2:0 - 08:23 - Расулов (Чапоров)

2:1 - 24:09 - Макеев (Нургалиев, Бутенко)

2:2 - 44:01 - Мухаметов (Бутенко, Нургалиев) ГБ

2:3 - 61:32 - Недилько (Муратов, Гурков)

Қақпашылар: Микушин - Павленко

«Хумо» екінші рет «Ертісті» жеңді. Бірінші кезеңде-ақ ташкенттіктер қарсыласты екі рет састырып, финалдық ысқырыққа дейін есеп айырмашылығын сақтап қала алды. Жеңіс шайбасының авторы – Владимир Журавлев. Дмитрий Мальгин қақпаға бағытталған 26 соққыға тойтарыс берді.

«Хумо» - «Ертіс» 3:1 (2:0, 0:1)

1:0 - 11:09 - Тунхузин (Игнатушкин) ГМ

2:0 - 18:29 - Журавлев (Сауков, Кириллов)

2:1 - 24:06 - Асуханов (Галеев)

3:1 - 44:04 - Сулимов (Цыплаков)

Қақпашылар: Мальгин - Нечвиенко

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.