Қазақстан чемпионатының үздік бомбардирі Барысқа өтті

25 jeltoqsan
908

«Барыс» хоккей клубы Александр Борисевичпен келісімшарт жасалғаны туралы хабарлады. Қазақстандық шабуылшымен екіжақты келісім ағымдағы маусымның соңына дейін күшінде болады.

Форвард бүкіл мансап жолын қарағандылық «Сарыарқа» жүйесінде өткізді. Қазақстан құрамасы құрамында Александр жасөспірімдер әлем чемпионатының қола марапаттарын жеңіп (IA), жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы (IA) атанды.

Биылғы маусымда Борисевич ел чемпионатында 31 матч ойнап, 47 (17+30) балл жинады. Бұл көрсеткіш ауысу сәтінде Parimatch-Pro Hokei Ligasy үздік бомбардирлері тізімінде бірінші орын алуға мүмкіндік береді. Өткен аптада спортшы Мәскеудегі Бірінші арна кубогіне ұлттық құрама сапында қатысты.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.