Номад Сарыарқаны үшінші жеңілісіне ұшыратты, Хумо маусымдағы 100 шайбасына жетті

24 jeltoqsan
1228

Қызықты ойындарға толы сенбі жанкйүерлерге бірден бірнеше қызықты нәтиже сыйлады.

«Горняк» өз алаңында «Арланды» сенімді түрде жеңді. Кездесудің басты қаһарманы деп 41 соққыға тойтарыс берген рудныйлықтардың қақпашысы Владислав Нуректі атауға болады. Жеңімпаздар құрамынан Айдар Галимов дубль жасады.

«Горняк» - «Арлан» 5:2 (2:2, 1:0, 2:0)

1:0 - 10:34 - Ширяев (Садиков, Шетле)

1:1 - 13:19 - Лихотников (Полохов, Клочков) ГБ

1:2 - 16:00 - Меньщиков (Михайлов, Клочков)

2:2 - 19:40 - Галимов (Ширяев, Садиков)

3:2 - 24:11 - Нурек (Степанов) ГБ

4:2 - 40:26 - Галимов (Ширяев, Коваленко)

5:2 - 58:44 - Ямалов (Гурьев, Куршук) ПВ

Қақпашылар: Нурек - Мейдер

«Номад» бүгін «Сарыарқадан» басым түсті. Қарағандылықтар қарсыласқа соққыны боратқанымен, шайбаны жетер жеріне жеткізу ақсады. Жеңіс шайбасының авторы – Данил Бутенко. Елордалық ұжымның қақпашысы Роман Калмыков 27 соққыға тойтарыс берді.

«Сарыарқа» - «Номад» 2:4 (1:0, 1:3, 0:1)

1:0 - 13:09 - Данияр (Сиксна, Злобин)

1:1 - 25:24 - Гурков (Муратов, Бойко) ГБ

1:2 - 28:01 - Грачев (Казаков, Пелевин) ГБ

1:3 - 36:58 - Бутенко (Колобов, Омирбеков)

2:3 - 37:23 - Дёмин (Фёдоров, Сиксна)

2:4 - 41:34 - Омирбеков (Казаков, Пелевин)

Қақпашылар: Каратаев - Калмыков

«Ақтөбе» мен «Торпедоның» екінші жекпе-жегі біріншісі сияқты есеппен аяқталды. Бүгінгі матчты қақпашылардың дуэлі деуге болады. Бүгін бәрінен де ең көп тер төккен қақпашылар болды. Нәтижесінде, Владислав Тихонов қақпаға бағытталған 45 соққыға тойтарыс беріп, өз командасына екі балл сыйлады.

«Ақтөбе» - «Торпедо» 3:1 (0:0, 1:1, 2:0)

0:1 - 22:10 - Буденчук (Шин, Олендаренко) ГБ

1:1 - 38:25 - Митряков

2:1 - 44:34 - Мищенко (Григоркевич, Сошников)

3:1 - 54:36 - Акишин (Потайчук) ГМ

Қақпашылар: Тихонов - Осокин

«Бейбарыс» «Снежные Барсы» командасына қарсы ойындағы сенімді жеңісінің арқасында төртінші орынға табан тіреді. Қонақтар үшін екінші кезең шешуші болып, атыраулықтар қарсыласқа қарсы бес нәтижелі шабуыл жасады. Екі дөп соққы Евгений Попитичтің қоржынында.

«Бейбарыс» - «Снежные Барсы» 7:1 (2:1, 5:0, 0:0)

0:1 - 07:08 - Кисель (Цыбин, Кошевник)

1:1 - 10:09 - Холоденин (Дубинин, Бурделёв) ГБ

2:1 - 18:33 - Хальзев (Шабловский, Дыньков)

3:1 - 29:05 - Шабловский

4:1 - 35:53 - Попитич (Шабловский, Ершов)

5:1 - 38:27 - Попитич (Шабловский, Маркелов)

6:1 - 38:47 - Бердников (Ананичев, Гусейнов)

7:1 - 39:42 - Бурделёв (Воробьев, Дубинин)

Қақпашылар: Базарбеков (Фанайлов, 40:00-60:00) – Пестов (Шестаков, 38:47-60:00)

«Хумо» маусымда салған шайбасын 100-ден асырды және «Ертісті» қиналмастан жеңді. Алаң иелеріне екінші кезеңнің басындағы серпіліс жеңіс әкелді. Дубль авторы – Егор Дорофеев. Екінші болып келе жатқан «Номадтан» төрт балл артта келеді.

«Хумо» - «Ертіс» 6:2 (1:0, 4:2, 1:0)

1:0 - 14:29 - Синявский (Игнатушкин, Валеев) ГБ

1:1 - 21:06 - Солтан (Абдрашитов)

2:1 - 22:46 - Дорофеев (Рехтин, Кириллов)

3:1 - 25:18 - Шингареев (Шураков, Тунхузин) ГБ

4:1 - 27:34 - Караваев (Трунев)

5:1 - 28:02 - Дорофеев (Шингареев, Шураков) ГБ

5:2 - 36:00 - Дюжев

6:2 - 58:41 - Рехтин (Шураков, Валеев)

Қақпашылар: Смирягин (Шаймарданов, 32:46-60:00) – Штукерт (Зыкин, 27:34-60:00)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.