Сарыарқа Арланнан басым түсті, Ақтөбе Номадтың жеңістер шеруін үзді

18 jeltoqsan
1415

Хоккейден Қазақстан чемпионатында екі кездесу өтті.

Ұлттық хоккейдің алыптарының айқасында «Сарыарқа» басым түсті. Мачтың басты қаһармандарының ұлттық құрама сапынан оралған – Александр Борисевич. Ол дубль жасап, бір рет командаласына пас берді. Қарағандылықтар чемпионатта сенімді түрде көш бастап келе жатыр. Келесі жеңіс Петерис Скудра үшін биылғы маусымдағы 30-шысы болмақ.

«Арлан» - «Сарыарқа» 2:4 (1:3, 1:0, 0:1)

1:0 - 04:52 - Карабань

1:1 - 07:32 - Анохин (Борисевич, Дёмин)

1:2 - 13:28 - Борисевич (Борисов) ГБ

1:3 - 16:21 - Фёдоров (Борисов)

2:3 - 25:53 - Жарков (Зубов)

2:4 - 59:33 - Борисевич (Злобин) ПВ

Қақпашылар: Мейдер - Микушин

«Ақтөбе» «Номадтың» табысты сериясын үзді, алайда кездесу овертайммен аяқталды. Сондықтан екінші қатарын сақтап қалуға тырысқан «көшпенділер» дегенмен бір балл жинады. Екі кезеңнен кейін қонақтар Кирилл Казаков жасаған дубльдің арқасында алға кетті. Алайда әрі қарай алаң иелері кезщдесу барысын бұрып, жеңіске жетті. Шешуші соққының авторы – Алексей Дерзаев.

«Ақтөбе» - «Номад» 3:2 ОТ (0:1, 0:1, 2:0, 1:0)

0:1 - 18:24 - Казаков (Омирбеков) ГМ

0:2 - 28:01 - Казаков (Колобов, Пелевин)

1:2 - 40:45 - Елизаров (Ковзалов)

2:2 - 55:39 - Зубковский (Потайчук, Кучин)

3:2 - 62:36 - Дерзаев (Елизаров, Митряков)

Қақпашылар: Тихонов - Шутов

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.