Рудныйдағы буллиттер, Номад Атыраудан төрт балмен қайтты

15 jeltoqsan
1364

Хоккейден Қазақстан чемпионатында екі матч өтті.

«Горняк» пен «Хумо» жеңімпазды негізгі уақыттан тыс анықтады. Үш кезең аяқталғаннан кейін есеп тең болды. Овертайм шайбасыз өтті. Ал буллиттер сериясында рудныйлықтар дәлірек көздеді, шешуші соққы Евгений Степановтың есебінде. «Хумо» құрамынан Вадим Кравченко дубль жасады.

«Горняк» - «Хумо» 4:3 Б (1:1, 1:2, 1:0, 0:0, 1:0)

1:0 - 08:54 - Кунишников (Галимов, Садиков)

1:1 - 19:20 - Кравченко ГМ

1:2 - 26:40 - Рехтин (Караваев, Трунев)

2:2 - 30:32 - Козорез (Селютин, Нурек)

2:3 - 31:33 - Кравченко (Шураков, Тунхузин) ГБ

3:3 - 53:33 - Галимов (Катков)

4:3 - 65:00 - Степанов

Қақпашылар: Нурек - Мальгин

«Номад» «Бейбарысты» еш қиындықсыз жеңді. Әдетте қорғанысымен мақтанатын атыраулықтар тағы да көп шайба өткізіп қойды. Бір дубль мен бір пас берудің авторы – Кирилл Казаков. «Көшпенділер» капитаны Александр Пелевин өз командасының үш нәтижелі шабуылына қатысты.

«Бейбарыс» - «Номад» 1:6 (1:1, 0:2, 0:3)

1:0 - 13:43 - Бурделёв (Бердников)

1:0 - 16:38 – Бурделёв ШБ

1:1 - 18:44 - Сулейменов (Касенов, Гурков)

1:2 - 22:25 - Омирбеков (Колобов, Пелевин) ГБ

1:3 - 33:20 - Пелевин (Казаков) ГБ

1:4 - 49:27 - Бойко (Александров, Диханбек)

1:5 - 54:03 - Казаков (Колобов, Пелевин)

1:6 - 56:25 - Казаков (Королёв)

Қақпашылар: Доненко - Калмыков (Павленко, 56:25-60:00)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.