Торпедоның екі ай ішіндегі алғашқы жеңісі, Казаковтың Атыраудағы хет-тригі

14 jeltoqsan
2116

Хоккейден Қазақстан чемпионатында үш кездесу өтті.

«Арлан» «Алматыны» ойсырата жеңді. Екі кезеңнің қорытындысы бойынша алаң иелері жеңістен әлі де үмітті болды. Алайда соңғы кезеңде көкшетаулықтар екпіндетіп, оңтүстік астанада төрт балл жинады. Өз есебіне «құрғақ» матчты жазған Тимур Мейдер қақпаға бағытталған 18 соққыға тойтарыс берді. Жеңіспаздар құрамынан Евгений Королинский дубль жасады.

«Алматы» - «Арлан» 0:6 (0:0, 0:1, 0:5)

0:1 - 28:37 - Меньщиков (Зубов) ГБ

0:2 - 44:31 - Королинский (Колесников, Костромитин) ГБ

0:3 - 45:16 - Карабань (Дюкарев, Михайлов) ГБ

0:4 - 51:43 - Колесников (Гребенщиков, Дюкарев)

0:5 - 56:12 - Королинский ШБ

0:6 - 59:45 - Гребенщиков (Кошелев, Чеботов)

Қақпашылар: Вилардо (Шалманов, 29:14-60:00) - Мейдер

«Торпедо» екі айдан астам уақыт бойы 17 матчқа созылған жеңілістер сериясын үзді. Бүгін өскемендіктер әрбір кезеңдер бір-бір голдан салып, «Құлагерді» жеңіп кетті. Жеңіс шайбасының авторы – «Торпедоға» қайтып оралған Стас Петросян. Алаң иелерінің қақпашы Андрей Янков 23 соққыға тойтарыс берді.

«Торпедо» - «Құлагер» 3:1 (1:0, 1:1, 1:0)

1:0 - 19:58 - Алдабергенов (Архипов, Панченко) ГБ

1:1 - 22:06 - Герасимов (Казаченко, Свириденко)

2:1 - 35:55 - Петросян (Якубджанов) ГБ

3:1 - 58:32 - Олендаренко (Буденчук)

Қақпашылар: Янков - Кадочников

«Бейбарыс» пен «Номадтың» текетіресінде көрермен қақпаға дарыған он шайбаға куә болды. Алайда бұл атыраулықтардың көңілін көншітпеген сияқты. Елордалық ұжым сенімді түрде жеңіске жетті, ал алаң иелері соңғы жеті кездесуде алты рет жеңілді. Қонақтар құрамынан Кирилл Казаков хет-трик жасады.

«Бейбарыс» - «Номад» 3:7 (0:3, 2:3, 1:1)

0:1 - 05:30 - Бойко (Александров, Недилько)

0:2 - 05:56 - Казаков (Омирбеков, Пелевин)

0:3 - 19:27 - Недилько (Диханбек, Казаков) ГБ

0:4 - 23:04 - Казаков (Савченко, Колобов)

0:5 - 28:26 - Колобов (Королёв, Недилько)

1:5 - 28:42 - Попитич (Тесленко)

1:6 - 34:35 - Грачев (Савченко, Бойко)

2:6 - 37:20 - Воробьев (Попов, Ананичев)

3:6 - 48:10 - Волгин (Фокин, Попитич)

3:7 - 58:16 - Казаков (Королёв, Пелевин) ГБ

Қақпашылар: Базарбеков (Фанайлов, 34:35-60:00) – Шутов (Калмыков, 58:16-60:00)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.