Арлан үшінші орынға шықты, Құлагер Торпедоның арынын басты

13 jeltoqsan
1383

Аздаған үзілістен кейін хоккейден Қазақстан чемпионаты екі кездесумен жалғасады.

Оңтүстік астанада «Алматы» мен «Арлан» нәтижелі жекпе-жек өткізіп, қонақтар жеңіске жетті. Көкшетаулықтар матчты екпіндетіп бастап, алаң иелерін үш рет састырды. Жеңіс соққысының авторы – артық құрам ұйымдастырған Александр Меньщиков. Дмитрий Катаевтың ойыншылары екі балл жинап, турнир кестесінде «Хумоны» басып озып, енді чемпионат үздіктерінің үштігін тұйықтап тұр.

«Алматы» - «Арлан» 4:5 (1:3, 2:1, 1:1)

0:1 - 06:52 - Королинский (Дюкарев)

1:1 - 09:29 - Сайко (Баженов)

1:2 - 10:33 - Жарков ШБ

1:3 - 11:30 - Зубов (Меньщиков, Дюкарев) ГБ

2:3 - 29:09 - Анисимов (Баженов, Рыжих) ГБ

2:4 - 31:11 - Костромитин (Москалёв)

3:4 - 31:52 - Анисимов (Рыжих, Баженов)

3:5 - 44:25 - Меньщиков (Карабань, Зубов) ГБ

4:5 - 59:43 - Твердохлебов ШБ

Қақпашылар: Шалманов - Ибрагимов

«Торпедо» бұрынғыша басына үйірілген бұлтты сейілте алмай келеді. Бүгін өскемендіктер өз алаңында «Құлагерге» жол берді. Жеңіс шайбасының авторы – Илья Ахметов.

«Торпедо» - «Құлагер» 1:3 (1:0, 0:2, 0:1)

1:0 - 14:23 - Шин (Архипов)

1:1 - 24:50 - Рыжий (Потапов, Закарлюкин)

1:2 - 33:53 - Ахметов (Старцев, Подшендялов)

1:3 - 47:34 - Пылаев (Лызин, Кузнецов) ГБ

Қақпашылар: Янков - Кадочников

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.