Сенбі күні хоккейден Қазақстан чемпионатында үш кездесу өтті.
«Ертіс» пен «Құлагер» жеңімпазды буллиттер сериясында ғана анықтады. Павлодарлықтар екі шайба артта келе жатқан жерінен есе қайтарып, жеңілістен құтылды. Алайда буллиттер сериясында тәжірибесі молдау петропавлдықтар дәлірек көздеді. Шешуші соққыны Алексей Закарлюкин жасады. Алаң иелері құрамынан Диас Атаханов дубльмен көзге түсті.
«Ертіс» - «Құлагер» 3:4 Б (0:2, 1:1, 2:0, 0:0, 0:1)
0:1 - 00:26 - Старцев (Подшендялов, Наместников)
0:2 - 07:29 - Кузнецов (Лызин) ГБ
1:2 - 24:05 - Атаханов (Асуханов, Билимбаев) ГБ
1:3 - 31:12 - Ахметов (Подшендялов, Наместников)
2:3 - 40:56 - Абдрашитов (Билимбаев, Атаханов) ГБ
3:3 - 43:13 - Атаханов (Абдрашитов)
3:4 - 65:00 - Закарлюкин
Қақпашылар: Зыкин - Кадочников
«Ақтөбе» «Сарыарқаны» екінші рет жеңе алмады. Қазіргі ел чемпионы әр кезеңде гол соқты, еңбектеніп жеңіске жетті және турнир кестесінде еш күмәнсіз көшті бастап келеді. Жеңіс шайбасының авторы – Андрей Лагунов. Қонақтардың қақпашысы Артём Микушин қақпаға бағытталған 33 соққыға тойтарыс берді.
«Ақтөбе» - «Сарыарқа» 1:3 (0:1, 0:1, 1:1)
0:1 - 05:07 - Пархоменко (Фёдоров)
0:2 - 22:14 - Лагунов (Боровков, Дёмин)
1:2 - 40:54 - Григоркевич (Кучин, Потайчук) ГБ
1:3 - 41:21 - Злобин (Борисевич, Расулов)
Қақпашылар: Тихонов - Микушин
«Арлан» «Хумодан» қарымта қайтарды. Бүгін ташкенттіктер қарсыласқа бір ғана шайбасын дарытты. Ал қонақтар болса, ұтымды сәттердің барлығын асқан ұқыптылықпен пайдаланды. Алаң иелері үшін көкшетаулықтар үстем болған үшінші кезең шешуші болды. Осылайша, «Арлан» маусымдағы 100 шайбасына жетіп, үшінші болып келе жатқан «Хумомен» аралығын бір балға дейін қысқартты.
«Хумо» - «Арлан» 1:4 (1:0, 0:0, 0:4)
1:0 - 19:35 - Игнатушкин (Валеев, Кириллов) ГБ
1:1 - 41:55 - Хорошев
1:2 - 46:09 - Королинский (Кошелев, Жиляков)
1:3 - 47:04 - Дюкарев (Зубов)
1:4 - 48:42 - Карабань (Михайлов, Меньщиков)
Қақпашылар: Смирягин - Мейдер
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.