Торпедоның қатарынан 15-ші жеңілісі, Номад Алматыдан жеңілді

7 jeltoqsan
1910

Хоккейден Қазақстан чемпионатында екі матч өтті.

«Горняк» «Торпедоның» жеңіліс сериясын ұзартты. Өскемендік ұжым соңғы рет 11 қазан күні жеңген болатын. Жеңімпаздар құрамынан Арслан Ямалов дубль жасады. Рудныйлықтар плей-офф аймағына бекіді, ал «Торпедо» кубоктік сегіздіктен 12 балға артта қалып келе жатыр.

«Торпедо» - «Горняк» 1:5 (0:2, 0:2, 1:1)

0:1 - 07:59 - Катков (Садиков, Кунишников)

0:2 - 14:40 - Ямалов (Щёкин)

0:3 - 32:42 - Ямалов (Кунишников)

0:4 - 38:16 - Шетле (Селютин, Коваленко)

1:4 - 41:19 - Быков (Дзедаев, Алдабергенов) ГБ

1:5 - 53:05 - Гурьев (Шарипов, Ямалов) ГБ

Қақпашылар: Янков - Акулинин

Алматылықтар «Номадқа» соққы жасай білді. Алайда мұндай екпінді тек бірінші кезеңде ғана танытты. Екінші кезеңде «көшпенділер» кездесудің жеңімпазы кім болатынына қатысты күмән қалдырмады. Қуантарлығы, елордалық ұжым құрамындағы жеті шайбаның жетеуін де әртүрлі ойыншылар салды. Осы матчтан кейінгі екі балының арқасында Ғалым Мамбеталиевтің ойыншылары «Сарыарқаны» өкшелеп қуып келеді.

«Номад» - «Алматы» 7:3 (2:2, 4:1, 1:0)

1:0 - 05:11 - Нургалиев (Грачев, Мухаметов)

2:0 - 07:53 - Королёв (Пелевин, Казаков) ГБ

2:1 - 17:06 - Твердохлебов (Баженов, Сайко)

2:2 - 19:10 - Филиппенко (Анисимов, Баженов) ГБ

3:2 - 20:15 - Казаков (Королёв)

4:2 - 28:14 - Бутенко (Макеев)

5:2 - 29:54 - Пелевин (Казаков)

6:2 - 32:04 - Макеев (Мухаметов, Тетерин)

6:3 - 37:20 - Анисимов

7:3 - 58:12 - Мухаметов (Диханбек, Макеев)

Қақпашылар: Шутов (Калмыков, 58:12-60:00) - Вилардо (Шалманов, 29:54-60:00)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.