«Бейбарыс» пен «Сарыарқа» арасындағы екінші кездесуде жеңіс қарағандылық ұжымға бұйырды.
Чемпионат көшбасшысы кездесудің алғашқы бес минутында қарсыласты екі рет састырып, ойынды екпінді бастады. Бұл үстемдік «Сарыарқаға» ойын барысын сенімді түрде бақылау үшін жеткілікті болды. Ал атыраулықтар бүгін қақпаға бағытталған 26 соққының барлығына тойтарыс берген Артём Микушиннің қақпасын ала алмады. Жеңімпаздар құрамынан Иван Захарчук көзге түсті.
«Бейбарыс» - «Сарыарқа» 0:4 (0:2, 0:1, 0:1)
0:1 - 01:26 - Захарчук (Пархоменко, Борисов)
0:2 - 04:57 - Дёмин (Захарчук, Лагунов)
0:3 - 32:18 - Захарчук (Чапоров) ГМ
0:4 - 56:34 - Лагунов (Дёмин)
Қақпашылар: Доненко - Микушин
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.