Хоккейден Қазақстан чемпионатының үшінші айын қорытындылайық.
Үздік қақпашы – Николас Вилардо («Алматы»)
Плей-офф үшін тартысып келе жатқан оңтүстікастаналық екі ұжым үшін өткен ай айтарлықтай өнімді болды. Алматылықтар өз қоржындарына 14 балл қосты, және осындай нәтижеге үлес қосқандардың бірі Вилардо болды. Америкалық қақпашы алты матчта мұзға шығып, олардың бірінде жеңіске жетті. Сейвтер саны бойынша Лигадағы үшінші голкипер атанды. Николас орта есеппен әр ойында 2,47 шайба өткізді, тойтарылған соққылар пайызы – 92,42.
Үздік қорғаушы – Эдгарс Сиксна («Сарыарқа»)
Қарағандылықтардың көпжылғы көшбасшысы әлі де бабында. Лигадағы үздік қорғаныс ойыншыларының бірі атанып отыр. Қарашада «Сарыарқаның» капитаны жеті жекпе-жектің алтауында ұпай жинап (3+7), +3 пайдалылық көрсеткішін көрсетті. Бүгінгі таңда Сиксна чемпионаттың ең нәтижелі ойыншысы болып отыр.
Үздік шабуылшы – Никита Баженов («Алматы»)
Қараша айында «Алматы» шабуылшысы мұздан бір-ақ рет балсыз кетті. Өткен айда Баженов Лиганың барлық ойыншылары арасында нәтижелілік бойынша екінші нәтиже көрсетіп (10+3), алайда барлығынан да асыра шайба салды. Сонымен қатар ойыншының пайдалылық көрсеткіші (+9) мен соққыларды жүзеге асыру пайызының жоғары екенін (23,26%) де атап өткен жөн. Ал оның «Горнякпен» кездесуінің тағдырын шешкен покерін қазақстандық жанкүйерлер көпке дейін ұмытпайтыны анық.
Үздік жас ойыншы – Дінмұхамед Сапарбек («Снежные Барсы»)
Қараша айында чемпионаттың ең жас ұжымы маусымдағы өзінің екінші жеңісіне қол жеткізді. «Барыс» пен «Алматы» кездесуінің басты қаһармандарының бірі өз командасының үш нәтижелі шабуылына атсалысқан Дінмұхамед Сапарбек болды. Жалпы қараша айында форвард 4 (1+3) балл жинап, өткен айда елордалық ұжымның үздік бомбардирі атанды.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.