Назарларыңызға хоккейден Қазақстан чемпионатындағы үшінші айдың статистикалық қорытындысын ұсынамыз.
«Сарыарқа» турнир кестесінің көшін бастап келеді. Қараша айында Петерис Скудраның ойыншылары жеті матчтың жетеуін де жеңіп, әрқайсысында кемінде төрт голдан салды. Қарағандылық команданың дәл қазіргі сәтте 100 шайбадан асыра салған Лигадағы алғашқы және жалғыз команда екені таңғаларлық жайт емес. Қазіргі чемпионның қоржынында 51 балл бар, өзінен кейінгі командадан 17 ұпай алда келе жатыр.
Екінші орынға өткен айды сенімді өткізген «Хумо» шықты. Ташкенттіктер сегіз матчтың сегізінде жеңіске жетті. Бұл ретте Евгений Попихиннің ойыншылары кездесулердің тең жартысында құрғақ жеңіске жетті. Айтып өтетін жайт, өзбекстандық команда шайбаны ең аз өткізді – пассивте 44 гол.
«Номад» пен «Бейбарыстың» есебінде 34 балдан бар. Бестікті тұйықтайтын «Арлан» 33 балл жинады.
«Алматы» мен «Ертіс» плей-офф жолындағы жорықты жалғастыруда. Ал «Торпедо» өз жағдайын нашарлатып алды, кубоктік сегіздіктен сегіз ұпай артта қалып келеді.
Қарашаның алғашқы күнінде «Сарырақа» өз алаңында «Торпедоны» 9:1 есебімен жеңді. Бұл – өткен кезеңнің ең ірі жеңісі.
13 қараша күні Қарағандыда айдың ең нәтижелі матчы болып өтті. «Сарыарқа» мен «Ертіс» бірігіп, 11 гол салды. Кездесу алаң иелерінің жеңісімен 9:2 есебімен аяқталды.
Parimatch-Pro Hokei Ligasy-ның ең нәтижелі ойыншысы дәл қазір – Александр Борисевич. «Сарыарқа» форвардының есебінде 40 (14+26) ұпай бар.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.