Көкшетаудағы буллиттер, Горняк Сарыарқаны жеңуге жақын болды

30 qarasha
1716

Хоккейден Қазақстан чемпионаты аясындағы кезекті текетірестер болып өтті.

Екінші матчта «Арлан» мен «Бейбарыс» жеңімпазды негізгі уақытта анықтап үлгермеді. Ойын буллиттер сериясына өтіп, онда атыраулықтар дәлірек көздеді. Шешуші соққыны Александр Воробьев жасады.

«Арлан» - «Бейбарыс» 1:2 Б (0:0, 0:1, 1:0, 0:0, 0:1)

0:1 - 34:49 - Гусейнов (Попов)

1:1 - 46:37 - Жиляков (Михайлов, Клочков)

1:2 - 65:00 - Воробьев ПБ

Қақпашылар: Мейдер (Ибрагимов, 65:00-65:00) - Доненко

«Горняк» бүгін «Сарыарқаға» жақсы соққы боратты. Рудныйлықтар екі рет екі шайба айырмашылығымен алға шықты. Алайда ойынның соңғы нүктесін чемпионат көшбасшысы қойды. Алаң иелері жеңілістен құтылып қана қоймай, негізгі уақытта жеңісті жұлып әкетті. Шешуші соққы Андрей Лагуновтың қоржынында. Петерис Скудраның ойыншылары көбіне-көп соның арқасында жеңіске жетті.

«Сарыарқа» - «Горняк» 5:4 (2:2, 1:2, 2:0)

0:1 - 13:22 - Шарипов (Нурек, Гурьев) ГБ

0:2 - 13:40 - Харькин (Степанов)

1:2 - 19:18 - Клещенко

2:2 - 19:59 - Беляев (Яковлев, Гофман)

2:3 - 20:54 - Гурьев (Нурек)

2:4 - 31:19 - Селютин (Харькин, Степанов)

3:4 - 37:01 - Ананичев (Огиенко, Сиксна)

4:4 - 48:35 - Злобин (Сиксна, Пархоменко) ГБ

5:4 - 51:44 - Лагунов (Пархоменко)

Қақпашылар: Каратаев - Нурек

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.