Дюкаревтің хет-тригі Арланға Бейбарысты жеңуге көмектесті

29 qarasha
904

Сейсенбі күні хоккейден Қазақстан чемпионатында төрт кездесу өтті.

«Ақтөбе» «Құлагерден» жеңісті жұлып әкетті. Бүгін барлығы кездесудің аяқталуына бір минут қалғанда шешілді. Қуантарлығы, қонақтарға екінші күн қатарынан Григорий Мищенко салған соққы жеңіс әкелді. Михаил Шанцевойдың ойыншылары Петропавлдан төрт балмен қайтты, ал «Құлагер» қатарынан үшінші рет жеңіліске ұшырады.

«Құлагер» - «Ақтөбе» 2:3 (1:0, 0:2, 1:1)

1:0 - 14:50 - Лызин (Васильев, Пылаев)

1:1 - 29:12 - Овечкин (Елизаров, Кузык)

1:2 - 32:43 - Григоркевич (Митряков, Потайчук) ГБ

2:2 - 51:24 - Подшендялов (Ахметов, Штайгер)

2:3 - 58:51 - Мищенко (Сошников)

Қақпашылар: Хозяшев - Тихонов

«Ертіс» «Номадпен» екінші кезеңнің бастапқы кезеңін екпіндетіп өткізді. Алаң иелері екі шайба алда келе жатты, алайда әрі қарай қиыс кетті. Мұны «көшпенділер» пайдаланып, ойын барысын бұрып, Павлодарда төрт ұпай иеленді. Елордалық ұжымның капитаны Александр Пелевин дубль жасады.

«Ертіс» - «Номад» 2:4 (2:0, 0:1, 0:3)

1:0 - 08:34 - Асуханов (Абдрашитов, Атаханов) ГБ

2:0 - 15:25 - Гончаров (Петросян)

2:1 - 22:28 - Колобов (Пелевин, Омирбеков)

2:2 - 43:01 - Пелевин (Колобов, Омирбеков)

2:3 - 46:57 - Пелевин (Колобов)

2:4 - 59:57 - Мухаметов (Диханбек, Бойко) ПВ

Қақпашылар: Нечвиенко - Шутов

Ойын күнінің басты кездесуінде «Арлан» «Бейбарыстан» дәлірек көздеді. Кездесудің басты қаһарманы – атыраулық қарсыласты үш рет састырған Владислав Дюкарев. Енді командалар жиған ұпайлары бойынша теңесті. Алайда қос команда да әзірге чемпионаттың үздіктер үштігіне енбей отыр.

«Арлан» - «Бейбарыс» 4:2 (2:1, 1:1, 1:0)

1:0 - 03:37 - Дюкарев (Преснов)

2:0 - 15:15 - Дюкарев (Гребенщиков, Лихотников)

2:1 - 18:09 - Тесленко (Попов, Болякин)

2:2 - 22:24 - Дыньков (Маркелов, Воробьев) ГБ

3:2 - 28:02 - Дюкарев (Лихотников, Карабань) ГБ

4:2 - 50:09 - Ларионов (Михайлов, Королинский) ГБ

Қақпашылар: Мейдер - Доненко

«Сарыарқа» «Горнякты» тырп еткізбеді. Қазіргі ел чемпионы өз мүмкіндіктерін уыстан шығармай, қорғаныста мығым ойнады. Антон Злобин дубль жасады. Қарағандылықтар қомақты ұпай қорымен Лиганың турнир көшін бастап келеді. Рудныйлықтар болса, кубоктік сегіздіктің шегінде тұр.

«Сарыарқа» - «Горняк» 6:1 (2:0, 1:1, 3:0)

1:0 - 10:09 - Злобин (Клещенко, Фёдоров) ГБ

2:0 - 14:39 - Борисевич (Расулов, Сиксна) ГБ

3:0 - 26:30 - Шапорев (Фёдоров, Злобин) ГБ

3:1 - 36:03 - Степанов

4:1 - 40:38 - Злобин (Борисевич, Исмагилов)

5:1 - 41:03 - Зюзякин (Анохин, Яковлев)

6:1 - 54:52 - Исмагилов (Борисевич, Злобин)

Қақпашылар: Микушин - Акулинин

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.