Петропавлдағы овертайм, Павлодардағы сойқан

28 qarasha
562

Дүйсенбі күні хоккейден Қазақстан чемпионатында екі матч өтті.

«Құлагер» мен «Ақтөбе» жеңімпазды овертайм аяқталуға таяғанда анықтады. Қонақтарға Петропавлда өткен алғашқы матчтағы жеңісті Григорий Мищенко жасаған дөп соққы сыйлады. Батысқазақстандық ұжым қатарынан үшінші жекпе-жекті жеңіп, қазір турнир кестесінің алтыншы қатарына жайғасты.

«Құлагер» - «Ақтөбе» 1:2 ОТ (0:1, 0:0, 1:0, 0:1)

0:1 - 00:18 - Овечкин (Елизаров, Ковзалов)

1:1 - 56:15 - Старцев (Закарлюкин, Рыжий) ГБ

1:2 - 64:35 - Мищенко (Григоркевич) ГБ

Қақпашылар: Кадочников - Тихонов

«Ертіс» «Номадқа» төтеп бере алмады. «Көшпенділер» өз қоржындарына екі балл салды. Бұл ретте елордалық ұжымның бомбардиршілері өз есептерін арттырғанын атап өту қажет. Станислав Александров хет-трик жасады. Нәтижелілік үшін үш балдан Денис Недилько мен Олег Бойко жинады.

«Ертіс» - «Номад» 2:8 (0:0, 0:4, 2:4)

0:1 - 22:46 - Казаков (Нургалиев, Недилько)

0:2 - 30:11 - Омирбеков (Колобов)

0:3 - 31:17 - Мухаметов (Недилько, Грачев)

0:4 - 39:15 - Александров (Бойко)

0:5 - 42:10 - Нургалиев (Бутенко, Мухаметов) ГБ

1:5 - 46:32 - Валеев (Атаханов, Абдрашитов)

1:6 - 47:30 - Александров (Недилько, Бойко)

2:6 - 50:00 - Асуханов (Атаханов, Абдрашитов)

2:7 - 53:11 - Александров (Бойко, Диханбек)

2:8 - 54:52 - Пелевин (Омирбеков, Казаков) ГМ

Қақпашылар: Зыкин (Нечвиенко, 31:17-60:00) - Шутов

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.