Кадочников, Дёмин мен Злобин бірінші орындарды иеленді. Жанкүйерлердің дауыс беру қорытындысы

28 qarasha
955

Жанкүйерлер қарашаның үшінші аптасының үздік голының авторын, ең тиімді күштік әдіс пен үздік сейв жасаған қақпашысын анықтаған онлайн дауыс беру аяқталды.

Аптаның үздік голын «сарыарқалық» Руслан Дёмин салды.

Жанкүйерлердің пікірінше, үздік күштік әдісті «сарыарқалық» Антон Злобин жасады.

Аптаның үздік сейвін өз есебіне «Құлагер» қақпашысы Данил Кадочников жазды.

Барлық видеоларды Youtube-тегі Insport арнасынан табуға болады.

Үздік сәттер үшін кезекті дауыс беру бүгін, 28 қарашада ашылады! Жаңалықтарымызды оқи жүріңіздер!

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.