Алматы, Сарыарқа мен Хумо өздерінің жеңіс сериясын ұзартты

26 qarasha
1914

Сенбі күні хоккейден Қазақстан чемпионатында үш кездесу болып өтті.

«Алматы» «Снежные Барсы» командасының жеңілістер сериясын ұзартты. Соңғы ойындарда шайбасы дарымай жүрген елордалық ұжым бүгін қарсыласқа гол салғанымен, оңтүстік астанадағы алғашқы матчта ұпай алудың реті келмеді. Алаң иелері құрамынан Сергей Твердохлебов дубль жасады.

«Алматы» - «Снежные Барсы» 4:1 (0:1, 2:0, 2:0)

0:1 - 19:59 - Роев (Комаров, Цыбин) ГБ

1:1 - 39:23 - Рыжих (Анисимов, Баженов)

2:1 - 39:33 - Твердохлебов (Скоробогатов, Сайко)

3:1 - 43:51 - Твердохлебов (Сайко, Скоробогатов) ГБ

4:1 - 56:06 - Баженов (Анисимов, Рыжих)

Қақпашылар: Шалманов - Шефер

«Сарыарқа» «Бейбарыстан» жеңісті жұлып әкетті. Атыраулық ұжым қарымта қайтаруға әбден жақындады: 55-ші минуттың басында қонақтар екі шайба алда келе жатты. Алайда әрі қарай қарағандылықтар есеп теңестіріп қана қоймай, Александр Борисевичтің овертаймда бос қақпаға бағыттаған дөп соққысының арқасында екі балл иеленді. Бір қызығы, осы ойындағы алты голдың алтауы да артық құраммен салынды.

«Сарыарқа» - «Бейбарыс» 5:4 ОТ (1:2, 1:1, 2:1, 1:0)

1:0 - 07:56 - Анохин (Борисевич, Злобин) ГБ

1:1 - 17:00 - Болякин (Дубинин, Попитич) ГБ

1:2 - 18:42 - Дубинин (Болякин) ГБ

2:2 - 21:36 - Боровков (Сиксна, Фёдоров) ГБ

2:3 - 34:37 - Маркелов (Кутугин, Тесленко) ГБ

2:4 - 51:44 - Шабловский (Болякин, Колесников)

3:4 - 54:08 - Анохин (Захарчук)

4:4 - 54:25 - Злобин (Расулов, Данияр) ГБ

5:4 - 62:11 - Борисевич

Қақпашылар: Микушин - Доненко

«Хумо» қақпашылары өз қақпаларына үш матч бойы шайба жуытпай келді. Алайда өзбекстандықтардың қақпасы 233 минут және 35 секунд дегенде ашылды. Әйтсе де, Алексей Зубовтың голы «торпедолықтарға» Ташкентте жеңіске жетуге көмектесе алмады. Алаң иелері овертаймның соңғы минутында көзге түскен Вадим Кравченконың дөп соққысынан кейін қатарынан жетінші матчта жеңді. Екі балл жиған евгений Попихиннің ойыншылары Лиганың турнир кестесінде екінші орынға шықты.

«Хумо» - «Торпедо» 4:3 ОТ (2:1, 0:0, 1:2, 1:0)

0:1 - 04:20 - Зубов (Дзедаев) ГМ

1:1 - 07:28 - Караваев (Валеев)

2:1 - 09:31 - Валеев (Игнатушкин, Караваев)

2:2 - 44:30 - Алдабергенов (Быков) ГБ

3:2 - 50:13 - Цыплаков (Шураков, Шингареев)

3:3 - 55:29 - Зубов (Дзедаев)

4:3 - 64:26 - Кравченко (Игнатушкин, Чеботарев)

Қақпашылар: Смирягин - Янков

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.