Сарыарқа Бейбарысты ойсырата жеңді, Ақтөбе Горняктан басым түсті

25 qarasha
1057

Жұманың кешінде қазақстандық хоккейсүйер қауым Parimatch-Pro Hokei Ligasy аясында екі матч тамашалады.

«Ақтөбе» «Горняктың» қақпасына төрт шайба салып, нәтижесінде Рудныйдан төрт балмен қайтты. Негізгі оқиғалар қорытынды кезеңде болып, қонақтар үш нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Дмитрий Потайчук дубль жасады.

«Горняк» - «Ақтөбе» 2:4 (0:1, 1:0, 1:3)

0:1 - 10:45 - Потайчук (Григоркевич) ГБ

1:1 - 21:09 - Кунишников (Садиков, Галимов) ГБ

1:2 - 40:59 - Сошников (Мищенко, Воронин)

1:3 - 48:31 - Потайчук (Кучин)

1:4 - 49:30 - Кучин ШБ

2:4 - 56:50 - Пальмтаг (Платонов, Буб)

Қақпашылар: Акулинин - Тихонов

«Сарыарқа» «Бейбарысты» оп-оңай жеңіп кетті. Бірінші кезеңде-ақ атыраулықтардың қақпасына үш шайба аттанды. Әрі қарай есеп айырмашылығы арта берді. Саян Данияр пен Дмитрий Исмагилов бір-бір шайбадан салып, командаластарына бір-бірден пас берді. Қарағандылықтардың қақпашысы Артём Микушин қақпаға бағытталған 27 соққыға тойтарыс берді.

«Сарыарқа» - «Бейбарыс» 7:1 (3:0, 3:1, 1:0)

1:0 - 04:09 - Боровков

2:0 - 14:16 - Исмагилов (Огиенко, Данияр)

3:0 - 15:27 - Шапорев (Борисевич, Пархоменко)

4:0 - 30:55 - Гофман (Исмагилов, Огиенко)

5:0 - 33:35 - Данияр (Расулов, Борисевич) ГБ

5:1 - 35:50 - Воробьев (Иванов, Егоров) ГБ

6:1 - 39:59 - Сиксна (Лагунов, Борисов)

7:1 - 54:35 - Фёдоров (Захарчук, Борисов) ГБ

Қақпашылар: Микушин - Базарбеков

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.