Дорофеев, Кутугин мен Доненко бірінші орындарды иеленді. Жанкүйерлердің дауыс беру қорытындысы

21 qarasha
1064

Жанкүйерлер қарашаның екінші аптасының үздік голының авторын, ең тиімді күштік әдіс пен үздік сейв жасаған қақпашысын анықтаған онлайн дауыс беру аяқталды.

Аптаның үздік голын «хумолық» Егор Дорофеев салды.

Жанкүйерлердің пікірінше, үздік күштік әдісті «бейбарыстық» Егор Кутугин жасады.

Аптаның үздік сейвін өз есебіне «бейбарыстық» қақпашы Богдан Доненко жазды.

Барлық видеоларды Youtube-тегі Insport арнасынан табуға болады.

Үздік сәттер үшін кезекті дауыс беру 21 қарашада ашылады! Жаңалықтарымызды оқи жүріңіздер!

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.