«Арлан» мен «Ертіс» арасындағы екінші матчта көкшетаулықтар тағы да жеңіске еш қиналмай жетті.
Алаң иелері жағдайды бақылауда ұстап, қарсыласқа ұпай жинауға мүмкіндік бермеді. Жеңіс шайбасының авторы – Вячеслав Колесников. «Арланның» қақпашысы Тимур Мейдер қақпаға бағытталған 24 соққыға тойтарыс берді. Көкшетаулықтар қатарынан үшінші матчта жеңіп, Лиганың турнир кестесінің үшінші қатарына жайғасты.
«Арлан» - «Ертіс» 5:1 (2:0, 1:0, 2:1)
1:0 - 00:42 - Ларионов (Королинский)
2:0 - 13:46 - Колесников (Лихотников, Королинский)
3:0 - 23:42 - Лихотников (Королинский, Полохов) ГБ
3:1 - 41:07 - Галеев (Петросян, Атаханов) ГБ
4:1 - 52:22 - Кошелев (Жарков)
5:1 - 55:17 - Меньщиков (Полохов) ГБ
Қақпашылар: Мейдер - Нечвиенко
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.