Бейбарыстың жеңісі, Ақтөбедегі буллиттер

12 qarasha
1178

Хоккейден Қазақстан чемпионатында екі матч өтті.

«Бейбарыс» нәтижелі кездесуде «Құлагерден» жеңісті жұлып әкетті. Қарсыластар атыраулық көрерменді тоғыз нәтижелі шабуылмен қуантты. Алаң иелері бір шабуылды артық ұйымдастырды. Шешуші соққының авторы – дубль жасаған Платон Попов.

«Бейбарыс» - «Құлагер» 5:4 (2:2, 1:1, 2:1)

1:0 - 00:31 - Бердников (Кутугин, Маркелов)

1:1 - 06:15 - Своеволин (Шульга, Хрипков)

1:2 - 15:06 - Кузнецов ГБ

2:2 - 19:44 - Волгин (Гусейнов, Кондратьев)

2:3 - 25:14 - Потапов (Лызин, Штайгер)

3:3 - 36:01 - Попов (Дыньков) ГБ

3:4 - 44:40 - Рыжий (Старцев, Подшендялов) ГБ

4:4 - 46:09 - Попитич (Шабловский)

5:4 - 53:28 - Попов (Гусейнов, Попитич)

Қақпашылар: Доненко – Кадочников

Ал «Ақтөбе» мен «Арланның» кездесуі, керісінше, голсыз өтті. 65 минутқа созылған ойын уақытынан кейін таблода нөлдер ғана жанып тұрды. Буллиттер сериясында Иван Кучиннің дөп соққысы алаң иелеріне жеңіс әкелді.

«Ақтөбе» - «Арлан» 1:0 Б (0:0, 0:0, 0:0, 0:0, 1:0)

1:0 - 65:00 - Кучин

Қақпашылар: Шаров - Мейдер

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.