Ертіс бестікте, шахтерлер астанасындағы сойқан

1 qarasha
1340

Қарашаның алғашқы күнінде хоккейден Қазақстан чемпионатында екі кездесу өтті.

«Ертіс» өз алаңында екінші рет «Алматыны» жеңді, бұл павлодарлық ұжымға Лиганың турнир кестесінде бесінші орынға көтерілуге мүмкіндік берді. Жеңіс шайбасының авторы – алаң иелерінің жаңа ойыншысы Игорь Ищенко. «Ертістің» қақпашысы Вячеслав Нечвиенко қақпаға бағытталған 22 соққыға тойтарыс берді.

«Ертіс» - «Алматы» 4:2 (2:2, 1:0, 1:0)

1:0 - 02:36 - Гулый (Олендаренко, Галеев)

2:0 - 09:15 - Петросян (Буденчук) ГБ

2:1 - 11:06 - Баженов (Филиппенко) ГБ

2:2 - 19:58 - Твердохлебов ШБ

3:2 - 26:42 - Ищенко (Святына)

4:2 - 59:59 - Петросян (Валеев) ПВ

Қақпашылар: Нечвиенко - Вилардо

Чемпионаттың көшбасшысы «Сарыарқа» «Торпедоны» тырп еткізбеді. Бірінші кезеңде-ақ қонақтар үш шайба өткізді, ал екінші кезеңде мүлдем сүрінді. Әрі қарай есеңгіреген «торпедолықтар» ес жия алмады. Артём Расулов дубль жасады, өз есебіне Александр Борисевич пен Эдгарс Сиксна төрт балдан жазды.

«Сарыарқа» - «Торпедо» 9:1 (3:0, 6:0, 0:1)

1:0 - 03:15 - Сиксна

2:0 - 04:45 - Дёмин (Яковлев)

3:0 - 17:44 - Борисевич (Борисов, Злобин)

4:0 - 25:37 - Расулов (Борисевич, Сиксна) ГБ

5:0 - 30:00 - Расулов (Борисевич, Злобин)

6:0 - 31:46 - Исмагилов (Анохин, Киселёв)

7:0 - 33:18 - Беляев (Анохин, Расулов) ГБ

8:0 - 34:47 - Злобин (Борисевич, Сиксна) ГБ

9:0 - 37:48 - Боровков (Данияр, Сиксна)

9:1 - 53:11 - Рифель (Шин, Алдабергенов)

Қақпашылар: Микушин - Янков (Осокин, 31:46-60:00)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.