Колесников, Дубинскас пен Смольянинов бірінші орындарды алды. Жанкүйерлердің дауыс беру қорытындысы

31 qazan
1024

Жанкүйерлер қазанның соңғы аптасының үздік голының авторын, ең тиімді күштік амалы мен үздік сейв жасаған қақпашысын анықтаған онлайн дауыс беру аяқталды.

Аптаның үздік голы «арландық» Вячеслав Колесников салған шайба болды.

Жанкүйерлердің пікірінше, үздік күштік амалды «Снежные Барсы» өкілі Егор Смольянинов жасады.

Аптаның үздік сейвін өз есебіне «Снежные Барсы» қақпашысы Юргис Дубинскас жазды.

Барлық видеоларды Youtube-тегі Insport арнасынан табуға болады.

Үздік сәттер үшін кезекті дауыс беру бүгін, 31 қазанда ашылады! Жаңалықтарымызды оқи жүріңіздер!

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.