Хумо Сарыарқаны маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшыратты

26 qazan
1463

Хоккейден Қазақстан чемпионатының ойын күні аяқталды.

Петропавлда «Арлан» минималды есеппен «Құлагерден» жеңілді. Барлығын көкшетаулықтар финалдық ысқырыққа бір жарым минут қалғанда салған бір гол шешті. Қонақтарға екі балды Данила Карабаньнің дөп соққысы сыйлады. Павел Валентенконың ұжымы лиганың үздіктерінің үштігінде бекіді.

«Құлагер» - «Арлан» 0:1 (0:0, 0:0, 0:1)

0:1 - 58:30 - Карабань (Меньщиков)

Қақпашылар: Хозяшев - Мейдер

Ташкенттегі матчтың бірінші кезеңі алаң иелерінің пайдасына шешілді: 76 секунд ішінде олар «Сарыарқаны» екі рет састырды. Алайда қорытынды кезеңде қарағандылықтар ойынға оралды. Бір қызығы, қонақтардың екі голының арасы небәрі 27 секунд. Кездесу қысқа овертаймға айналды. Артём Валеев пен Владимир Журавлев қарсы шабуыл ұйымдастырды және «Хумоның» 64-ші нөмірлі ойыншысы өз командасына жеңіс әкелді. «Сарыарқа» үшін бұл маусымдағы алғашқы жеңіліс болды. Осылайша қазіргі чемпионанның жеңіс сериясы 16 матчта үзілді.

«Хумо» - «Сарыарқа» 3:2 ОТ (2:0, 0:0, 0:2, 1:0)

1:0 - 12:42 - Чеботарев (Валеев)

2:0 - 13:58 - Кириллов (Рехтин, Дорофеев)

2:1 - 51:15 - Борисевич (Злобин)

2:2 - 51:42 - Пархоменко (Расулов, Борисов)

3:2 - 60:47 - Журавлев (Валеев)

Қақпашылар: Мальгин - Каратаев

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.