Алғашқы елордалық матчта Номад жеңді, Хумо бестікте

19 qazan
1422

Хоккейден Қазақстан чемпионатында екі кездесу өтті.

«Номад» «Снежные Барсы» командасының арынын басты. Екі кезеңнің қорытындысы бойынша таблодағы есеп 1:1 болды. Алайда соңғы кезеңде тәжірибелі «көшпенділер» ойын бағытын өз пайдасына бұрды. Жеңіс шайбасы Станислав Александровқа тиесілі.

«Снежные Барсы» - «Номад» 1:4 (0:1, 1:0, 0:3)

0:1 - 09:00 - Рунов (Нургалиев, Мухаметов)

1:1 - 37:32 - Роев (Алибек, Сапарбек) ГБ

1:2 - 41:30 - Александров (Диханбек, Нургалиев) ГБ

1:3 - 42:19 - Бойко (Савченко)

1:4 - 56:13 - Макеев (Бойко, Недилько)

Қақпашылар: Дубинскас - Шутов

«Хумо» мен «Құлагерге» жеңімпазды анықтауда негізгі уақыт жетпей қалды. Командалар екінші кезеңде шайба алмасып, соңғы нүктені овертаймда қойды. Бұл тұста алаң иелері дәлірек көздеді. Ташкенттік ұжымға жеңісті Максим Труневтің дөп соққысы сыйлады. «Хумо» алты матчта төртінші рет жеңіске жетіп, турнир кестесінде бесінші қатарға шықты.

«Хумо» - «Құлагер» 2:1 ОТ (0:0, 1:1, 0:0, 0:0, 1:0)

1:0 - 26:49 - Сауков (Валеев, Курашов)

1:1 - 31:14 - Гевель (Лызин, Шульга) ГБ

2:1 - 63:03 - Трунев (Игнатушкин)

Қақпашылар: Мальгин - Хозяшев

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.