Хумо Құлагерді жеңді

18 qazan
1001

Parimatch-Pro Hokei Ligasy ойын күнінің жалғыз матчында «Хумо» өз алаңында «Құлагерді» жеңді.

Ташкенттік бірінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, Антон Рехтин мен Артём Валеевтің күшімен қарсыласқа екі шайба салды. Соңғы кезеңнің ортасына қарай Вадим Кравченко алаң иелерінің үстемдігін нығайтты. Финалдық ысқырыққа сәл қалғанда «Құлагер» ойынға оралып, тіпті бір шайба қайтарып үлгерді. Алайда петропавлдықтар одан әріге бара алмады.

«Хумо» маусымдағы жетінші матчын жеңіп, турнир кестесінде жоғарырақ келе жатқан «Құлагермен» араны бір балға дейін қысқартты.

«Хумо» - «Құлагер» 3:1 (2:0, 0:0, 1:1)

1:0 - 01:25 - Рехтин (Дорофеев)

2:0 - 19:22 - Валеев (Боровиков, Журавлев)

3:0 - 49:24 - Кравченко (Цыплаков, Трунев)

3:1 - 56:11 - Пылаев (Старцев, Подшендялов)

Қақпашылар: Мальгин - Кадочников

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.