«Құрғақ» Сарыарқа, Құлагер Алматыдан төрт балмен қайтты

15 qazan
1766

Сенбі күні қазақстандық хоккейсүйер қауым Parimatch-Pro Ligasy аясында екі матч тамашалады.

«Сарыарқа» «Снежные Барсы» командасын тырп еткізбеді. Бірінші кезеңде-ақ елордалық ұжым қақпасына үш шайба аттанды. Әрі қарай чемпионат көшбасшысының үстемдігі арта түсті. Қарсыласты екі реттен Антон Злобин мен Иван Захарчук састырды. Өз есебіне құрғақ матчты Альберт Коваль жазды. Қарағандылықтар қатарынан 13 рет жеңіске жетті.

«Сарыарқа» - «Снежные Барсы» 7:0 (3:0, 1:0, 3:0)

1:0 - 05:45 - Дёмин (Яковлев, Расулов)

2:0 - 10:03 - Данияр (Огиенко, Беляев)

3:0 - 16:34 - Злобин (Борисевич)

4:0 - 32:25 - Злобин (Борисевич)

5:0 - 41:27 - Захарчук (Фёдоров)

6:0 - 46:50 - Захарчук (Данияр)

7:0 - 58:05 - Беляев (Данияр, Исмагилов)

Қақпашылар: Коваль - Дубинскас

Бүгін алматылықтар «Құлагердің» қақпасын ала алды, алайда алаң иелері өзінің жеңілістер сериясын үзе алмады. Петропавлдықтар ойын барысын екінші кезеңнің ортасына қарай бұрып, жеңіске жетті. Владимир Капуловский командасының үздік бомбардирі Артём Подшендялов дубль жасады.

«Алматы» - «Құлагер» 3:5 (2:1, 1:3, 0:1)

0:1 - 13:32 - Подшендялов (Кузнецов, Закарлюкин)

1:1 - 14:26 - Ваулин (Потырка)

2:1 - 18:43 - Гриценко (Ваулин, Сейфулов)

2:2 - 28:44 - Лызин (Ахметов, Кузнецов) ГБ

2:3 - 30:12 - Васильев (Подшендялов, Кунгурцев)

2:4 - 34:42 - Гевель (Потапов, Подшендялов)

3:4 - 35:30 - Аргымбаев (Потырка, Ваулин)

3:5 - 59:50 - Подшендялов (Старцев)

Қақпашылар: Шалманов - Хозяшев

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.