Оңтүстік астанадағы сойқан, Ақтөбедегі қарымта

14 qazan
1655

Хоккейден Қазақстан чемпионатында екі матч болып өтті.

«Құлагер» «Алматыны» ойсырата жеңді. Оңтүстік астаналық команда қақпасына жеті жауапсыз шайба аттанды. Бір қызығы, жеті голды жеті түрлі ойыншы салды. Алматылықтар осымен қатарынан жетінші рет жеңіліп отыр.

«Алматы» - «Құлагер» 0:7 (0:1, 0:3, 0:3)

0:1 - 18:46 - Гатин (Лызин, Рыжий) ГМ

0:2 - 30:20 - Потапов (Своеволин)

0:3 - 38:01 - Лызин (Шульга, Ахметов)

0:4 - 39:18 - Шишов (Рябоконов, Казаченко)

0:5 - 45:05 - Поляничев (Кунгурцев, Шульга)

0:6 - 50:22 - Закарлюкин (Подшендялов, Старцев)

0:7 - 58:13 - Пылаев (Васильев, Кузнецов)

Қақпашылар: Шалманов - Кадочников (Риттингер, 50:22 - 60:00)

«Бейбарыс» Ақтөбеде сенімді қарымта қайтарды. Жеңіс шайбасы нәтижелілігі үшін бүгін екі балл алған Захар Шабловскийге тиесілі. Атыраулықтар осы жеңісінен кейін Лиганың турнир кестесінде екінші қатарға табан тіреді.

«Ақтөбе» - «Бейбарыс» 1:4 (1:1, 0:2, 0:1)

0:1 - 07:57 - Скатов (Тесленко, Маркелов)

1:1 - 17:07 - Потайчук (Александров)

1:2 - 27:00 - Шабловский (Гусейнов)

1:3 - 29:34 - Гусейнов (Шабловский)

1:4 - 57:22 - Иванов (Воробьев) ПВ

Қақпашылар: Тихонов - Доненко

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.