Parimatch-Pro Hokei Ligasy ойын күнінің жалғыз жекпе-жегінде «Ақтөбе» «Бейбарыстың» арынын басты.
Маусымның алғашқы батыстық матчы айтарлықтай қызықты әрі тартысты өтті. Бұл кездесуде алаң иелері дәлірек көздеп, өзінің жеңілістер сериясын үзіп, ең жоғары орындар үшін тартысқа қайта оралды. Жеңіс шайбасының авторы – артық құраммен гол салған Дмитрий Потайчук. Сондай-ақ «Ақтөбенің» қақпашысы Дмитрий Шаровтың тамаша ойынын атап өткен жөн, ол қақпаға бағытталған 35 соққыға тойтарыс берді.
«Ақтөбе» - «Бейбарыс» 3:2 (1:1, 2:0, 0:1)
0:1 - 13:38 - Иванов (Бурделёв, Тесленко)
1:1 - 13:45 - Степанов (Акишин, Гасников)
2:1 - 31:30 - Беляев (Овечкин, Воронин)
3:1 - 37:51 - Потайчук (Митряков, Кучин) ГБ
3:2 - 46:13 - Шабловский (Маркелов, Бердников)
Қақпашылар: Шаров - Базарбеков
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.